Сабақ жоспары Бөлім: 3-тарау



бет3/3
Дата19.06.2023
өлшемі344 Kb.
#102314
түріСабақ
1   2   3
5. Шығармашылық жұмыс
(12-15 минут)


Шығармашылық жұмыста мұғалім оқушыларды біріктіріп, оқулықтағы тапсырмаларды береді.
1-тапсырма. Төменде берілген тапсырманың кілтін пайдаланып, әріптерді орындарына дұрыс қойыңдар. Мұхтар Әуезовтің нақыл сөзін оқуға болады.
Бұл тапсырманы топтық жұмыс ретінде ұйымдастыруға болады. Тапсырманың жауабы: «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен» М.Әуезов
2-тапсырма. «Жаным толған жақсылық» тақырыбында сурет салу.

Оқулық, дәптер,
түрлі түсті қарындаштар

7. Топпен ән айту
(2-3 минут)

Мұғалім оқушыларға Ғ.Мүсіреповтың сөзіне жазылған И.Нүсіпбаевтың «Бақытты балалар әні» атты рухани құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің мәнін ашып беретін өлеңін топта айтуды ұсынады. Әуені үнтаспадан қойылады. Ән мәтіні оқулықта берілген.

Біз көңілді ұланбыз!


Ән шырқаймыз, сайраңдап,
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайрандап.

Бөбектерді қуантып,


Құрметтейміз қарттарды,
Өнерге біз құмартып,
Өсіреміз бақтарды.

Шынығамыз, ойнаймыз,


Жас ұрпақпыз талапты.
Жаз қызығын тойлаймыз,
Жақсы оқимыз сабақты.

Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

8.Үй тапсырмасы
(1-2 минут)



Келесі сабақтағы Немат Келімбетұлының «Менің әкем» атты әңгімесі оқушыларға үйде оқуға ұсынылады

Экранға үй тапсырма көрсетіледі.

9. Сабақтың қорытынды сәті
(1 минут)

Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтағы жақсы сөздерді, жақсы ойларды жүрегімізге сақтап алуды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жетулеріне тілек білдіріп, бүгінгі сабақ үшін рақмет айтады және сабақты аяқтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет