Сабақ жоспары Бөлім атауы: 5-бөлім: Сөз мәдениеті. Білім. Ғылым. Инновация



бет2/2
Дата13.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#67608
түріСабақ
1   2
Байланысты:
1 Қаныш Сәтбаев ғылым-білім туралы Көркем әдебиет стилі

Сабақтың соңы
Рефлексия:
5 минут

Кері байланыс: «Бір минуттық эссе»
Мені таңқалдырды............................................
Мен үшін қиын болды......................................
Маған ұнады.....................................................
Мен алдағы уақытта......................................










Үйге тапсырма:

Оқулықтың 83-бетіндегі Қаныш Сәтбаевтың ғылым-білім туралы пікірлерін оқып, әр пікіріне түйінді ой жазу.

Тыңдалым мәтіні:


Инвестициялау мәдениетін қалыптастыру керек Өнертапқыштар да қателеседі. Алғашында инновациялық болып көрінген идея іс жүзінде өз нәтижесін бермей жататын немесе көзге түсе алмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Осылайша, стартап инвесторларды аралап, көлеңкеде қалып қояды. Елімізде венчурлік инвесторлар мәдениеті қалыптаспағанын айта кеткен абзал.
Инновацияны енгізу үшін күрес – өнертапқыштың мойнына жүктеледі. Көптеген стартап жобалар алғашқы кезеңде-ақ жоғалу қаупінде тұрады. Яғни, мұндай жағдайлар нарықты толық зерттемегендіктен орын алады. Кейде өнімнің сырт пішінінің тартымдылығы венчурлік қорларды, инвесторларды тартуға кедергі жасайды. Сондықтан тіпті өнімнің дизайнынан бастап, оның жұмыс істеу механизмі толығымен қалыптасу керек-ақ. Отандық ІТ салада дұрыс жасалмаған дизайн мен қолданушылар үшін қолайсыз пішін салдарынан қаншама инновациялық шешімдер нарыққа ене алмай қалды.
Тағы бір айта кететіні, өнертапқыш өз инновациясын инвесторларға сата алатын менеджер бола алмайды. Сонымен бірге, ол білімді де білікті мамандардан топ құрып, өнімін өндіріске ендіру жолында алдына жан салмайтын басқарушы бола білу керек. Бұған инвесторларды табу қиындығын қосыңыз. Осылайша, көптеген инновация өндіріске жетпей қалады. Елімізде әлі күнге дейін инвестициялау мәдениеті қалыптаспай келе жатқаны ащы шындық. Ал қаншама стартап жобалар қаражатқа мұқтаж. Мұнда да қандай жобаларға ақша құюға болатыны, келісімшартқа қалай отыру керектігі жайлы білім жетпейді.
Мемлекеттің қолдауымен құрылған стартап алаңдар қарқынды жұмыс істеп келеді. Десе де, стартап мемлекетсіз нарыққа өте алатындай жағдайға жету керек. Анығы сол – бәсекелестікті күшейту қажет. Сонда ғана бүгінгі заман сұранысына сәйкес, уақыт талабына жауап беретін жаңа өнім пайда болады.
Ақбота Исләмбек https://aikyn.kz/2018/08/25/65282.html

3-тапсырма. Тыңдалымдағы ақпаратты төмендегі сұрақтар бойынша талда.


1-сұрақ. Мәтінде қандай көтерілген мәселе бар? (кем дегенде 2 мәселені көтеріңіз)
2-сұрақ. Көтерілген мәселені шешудің бірнеше жолын ұсыныңыз (2 ұсыныс ұсыныңыз).
3-сұрақ. Мәтіндегі мәселені ғаламдық тұрғыдан қарастырып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
4-сұрақ. Мәтіндегі астарлы ойды ғылым мен білім саласымен қалай байланыстырар едіңдер?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет