3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме
(3-4 мин)
|
Мұғалім оқушылардың сабақта ұсынылатын оқу материалын эмоционалды-образды қабылдап, танымдық қызығушылығын белсендіру мақсатында сабақтың дәйексөзімен таныстырады. Дәйексөз ретінде француз жазушысы, философ-ағартушысы Дени Дидроның (1713-1784) нақыл сөзі алынған:
Егер мақсатың болмаса, түк те тындыра алмайсың, ал мақсатың мардымсыз болса, ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың.
Дени Дидро
Мұғалім сұрақтар беру арқылы дәйексөзді талдап, талқылатқанда «мақсат», «мұрат», «мүдде» деген ұғымдардың мәнін ашып, олардың адам өмірін бағалауға, тұрмыс құруға үйретіп, жол сілтейтін рөлін, өмірде мақсат қойып, оған жетудегі ақиқат білімнің, дұрыс әрекеттің қажеттілігін, қазіргі уақыт талабының осындай екендігін ұғындырады.
Өмірлік мақсат, мұрат дегенді қалай түсінесіздер?
Адамға мақсат не үшін қажет? Сіздің өмірлік мақсаттарыңыз қандай?
Сіздің ойыңызша, бір нәрсеге қол жеткізу үшін мақсаттың болуы міндетті ме?
Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
Оқушылардың жауабын тыңдап, бір-бірімен пікір алысқан соң, мұғалім өзі қорытынды жасайды.
|
Оқушылар Дени Дидроның қанатты сөзінің мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады.
|