Мұғалім оқушылардың назарын адамның арманы мен мұраттарына жетелейтін жолда, өзінің сан алуан сұрақтарына жауап алатын жолда, өмір сырын алғаш рет үйреткен жолында адаспай, өмірге сүйіспеншілікпен қарап, дұрыс әрекет жасау – әрбір адамның, жас ұланның мақсаты болуы керек екендігіне аудартады. Оқушылармен бірге «Арман жолдар» әнін орындайды.
Мұғалім сабақ соңында оқушылармен бүгінгі сабақтың қорытынды сәтін өткізеді.
Сонымен, құрметті оқушылар, сабағымызды қорытындылайтын уақыт та келіп жетті. Бүгін сіздер адамның өзін-өзі танып, рухани жетілген тұлға болып қалыптасуы үшін алдына мақсат қойып, біліммен қарулануы қажет, сондай-ақ білім, ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік, дұрыс әрекет үшін талап жолында болуы қажет екендігін ұғынып, білдіңіздер.
Сабақта алған жақсы қасиеттерімізді жүрегімізге сақтап қояйық. Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
Оқушылар сабақта алған әсерлерімен бөліседі. Жақсы қасиеттерді жүрекке сақтап алуға тырысады.