Сабақ жоспары Бөлім: Таным қуанышы


Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру



бет2/6
Дата16.05.2022
өлшемі1,22 Mb.
#34607
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дана 9 сынып 1 сабақ

2. Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру (әңгіме)

Бұл сабақ жаңа оқу жылындағы алғашқы сабақ болғандықтан, мұғалім оқушыларға адамның өзінің болашақ өмір жолын таңдауында мақсатты дұрыс қоя білудің маңызы мен адами құндылық ретіндегі дұрыс әрекеттің мәнін түсіндіріп, өмірді бағалап, абыройға қол жеткізуге жетелейді.

Мұғалім оқушыларға «Мақсатты қалай қою керек?» атты бейнематериалды қарап, берілген сұрақтар төңірегінде бір-бірімен пікір алмасуды ұсынады.



Бейнематериалдан қандай ой түйдіңіздер?

Мақсатты қалай қою керек деп ойлайсыздар?

Сіздің ойыңызша, адамның өзінің болашақ өмір жолын таңдауында мақсатты дұрыс қоя білудің маңызы қандай?
Оқушылардың ой, пікірлерін тыңдап, талқылаған соң, мұғалімнің өзі қорытынды жасайды.

Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызметте де, өз басына, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Сондықтан ең күшті мақсат – бас мақсат. Қайткенде әрі жеке адамның, әрі әлеуметтің пайдасы бірден табылады? Қай уақытта әлеумет тілегі мен жеке адам тілегі тоғысады?

Әр адам табиғатына біткен қабілетіне, ыңғайына, зеректігіне қарай өз орнында қызмет етсе, сонда табылады... (Жүсіпбек Аймауытов)

Оқушылар мақсат қою арқылы жетістікке жетуге болатындығын,

өз қабілеттерін ашуға мүмкіндік алатындығын түсінеді.




https://www.youtube.com/watch?v=eBmiaCMVqow




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет