Сабақ жоспары Бөлім: Таным қуанышы



бет4/6
Дата16.05.2022
өлшемі1,22 Mb.
#34607
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
4. Оқиға айту (әңгіме)

(4-8 мин)





Мұғалім Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышынан» алынған үзіндіні өзі әңгімелеп айтып береді. Мұғалім автордың өмірі мен қызметі жайында қысқаша мәліметпен таныстырады: Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) – ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Мұғалім мәтін бойынша жұмысты одан әрі жалғастырады.

Келесі кезекте, құрметті оқушылар, тыңдаған мәтіннің мазмұндық желісі бойынша сұрақтарды талдап, жауап берейік.

1.Мәтіндегі «... тіпті мүддесі жоқ адам болмайды» деген тұжырымды қалай түсінесіздер? Жауаптарыңызды нақты мысал келтіріп, дейектеңіздер.

2.«Ұсақ адамның мақсаты да ұсақ болады» деген пікірмен келісесіздер ме? Неліктен кейбір адамды ұсақ адам деп атайды?

Ал енді мәтіннің рухани-адамгершілік тереңдігі, яғни мәтін мазмұнындағы құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің мәні қалай ашылатынына назар аударайық. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

3.Адам қандай қасиеттері арқылы өзінің өмір жолын белгілеп, жақсылық, жамандықты айырып, өзінше сынап, өзінше бағалай алады деп санайсыздар?

4.Сіздің ойыңызша, мәтінде қандай жалпыадамзаттық құндылықтар туралы айтылады?

Тыңдаған мәтін бойынша өздеріңіздің өмір тәжірибелеріңізге байланысты мына сұрақтар төңірегінде өз ойларыңызды ортаға салыңыздар:

5.Адамның бойындағы қандай қасиеттері оның адамдық болмысын көрсетеді? Мысал келтіріп, өз пікіріңізді білдіріңіз.

6. Өзіңіздің өмірлік мақсатыңыз қандай? Мақсатыңызға жетудің жолдары қандай деп санайсыз?

Сұрақтарға берілген жауаптарды талдап, талқылаған соң, мұғалім қорытынды жасайды:



Иә, балалар, «Мақсатсыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, адам мақсатсыз болмайды. Мақсат адамды алға жетелейді. Әр мақсатқа өзінің уақытын тағайындап, мақсатты сол кезде орындауға тырысу қажет. Мерзімі жоқ мақсат сол бетінше кейінге қала береді. Бастаған істі соңына дейін жеткізу керек, мақсат орындалған кезде адам өзін-өзі таниды.


Оқушылар тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, мақсат не үшін керек екендігін біледі және мақсатты орындау барысында өзін танып білуге болатындығын түсінеді.

9-сынып

Өзін-өзі тану оқулығы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет