Сабақ жоспары: Үйлену ғұрпына байланысты ӛлеңдер. Магиялық фольклор



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата30.11.2022
өлшемі228,36 Kb.
#53935
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лек3

Жарапазан
Қазақтың 
ӛткен 
кезде 
дін 
салтына 
байланысты 
шығармаларының бір түрі жарапазан ӛлеңдері деп аталады.Жарапазан айту 
салты қазақ арасына ислам діні енгеннен кейін туған.Ислам діні бойынша
оны қабылдағандар үшін жылына отыз күн ораза ұстау, күніне бес рет намаз 
оқу, сондай-ақ қайыр-садақа беру т.б. міндет саналаған.Сондықтан да олар 
дін үгітін халыққа ұғындыру үшін ӛлеңді қолайлы кӛрген.Қазақ халқыныңс 
сауықшыл, ӛлеңшіл, ӛлең сӛзге құлақ түргіш келетіндігін ескерген.Осы 
негізінде жарапазан ӛлеңдері туған. Діни ұғымдарға байланысты туған 
шығармалар. 
Басқа халықтар секілді, қазақ халқының да ертеден келе жатқан діни 
ұғымдары, ескі наным-сенімі болған.Мұндай ұғымдар қазақ арасында ӛте 
ертеде, Шоқанның айтуынша, шамандық дәуірде кӛп құдайға сиынған кезде 
туған.Жаратылыс сырын түсіне алмаған, ой-ӛрісі, дүние тану шама-щарқы 
тӛменгі сатыда тұрған ертедегі адамдар жаратылыста болатын әрбір 
құбылыстарды ғажайып күш деп ұғынған. 
Мұнымен қатар, М.Горкийдің айтуына қарағанда, ертедегі қараңғы 
адамдар тұрмыс-тіршілігі, күн кӛрісі жолында кездескен қиыншылықтарды, 
жұмыстың ауыртпалығын әртүрлі ырымдар жасап жеңілдетпек болған. Бұл 
топтағы түрге тӛмендегі ауыз әдебиетінің түрлерін жатқызады : 
Бәдік. Ауру адамды немесе ауру малды емдеу үшін ертеде арнаулы кӛш 
ӛткізген.Мұны қазақтар «бәдік кӛші» деп атаған.Бұл кешке жұрт, әсіресе 
жастар жиналып, ауруды ортаға алып емдемек болған.Адамға не малға ауру, 
індет жіберетін құдай бар деп түсінген халық, «бәдік кешінде» сол құдайға 
тіл қату, ықпал ету, ӛлең арқылы ӛтініш жасау, жалынып-жалбарыну 
ырымын істеген.Сол үшін «бәдік кешіне» жиналаған жігіттер мен қыз- 
келіншектер екі жақ болып айтысқа түскен. 
Қоштасу.Қазақтың ӛлеңдері тақырып жағынан алғанда әр алуан болып 
келеді.Туған ел-жұртымен, ӛсіп-ӛнген жер-суымен, ата-ана, ағайын – 
туысымен, ӛткен ӛмірімен, жолдас еткен ӛнерімен қоштасу- тұрмыс-
тіршілікке, салтқа байланысты туған қазақ ауыз әдебиетінің белгілі 
тақырыбынан саналады. 
Ӛткен заманда, ру арасында дау-жанжал, қастасып, қақтығысу дәуірленген 
заманда, бір елдің жерін екіншісі зорлықпен тартып алу, елден елдің 
айырылып ауа кӛшуі, ата мекенін амалсыздан тастап кетулері кӛп болған.Ру 
басыларының бақастығы, бас таласы негізінде туған дау-жанжалдардың 
зардабы, ауыртпалығы бүкіл халыққа түскен, ата мекен жерінен, шұрайлы 
қонысынан айырған.Бұл секілді жағдайға қатты күйінген халық ӛздері 
бұрыннан мекен еткен жер-суымен қоштасқан, кӛңіл-күйін зар етіп қоштасу 
ӛлеңдері арқылы білдірген. «Жылау, жылау, жылау күй» дейтін қоштасулар 
осындай жағдайға байланысты туған.Сӛйтіп, қоштасу ӛлеңдері, біріншіден
қоштасушы кісінің кӛңіл-күйін білдіреді, қоштасып отырғандары (ел-жұрт, 
ағайын-туыс 
т.б.) 
адам 
үшін 
ең 
қымбат, 
қадірлі 
екендігін 


аңғартады;екіншіден, қоштасу ӛлеңдері қоштасушының артында қалып бара 
жатқандарға арнаған ақыл-ӛсиеті түрінде болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет