7.1.2.1. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау . 7.2.1.1. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру.
Сабақ мақсаты:
Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы мазмұнын түсіне отырып, шығарма эпизодтарындағы бейнелерді табу, ақын әрекетіне баға беру.
Бағалау критериі:
әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты талдайды;
шығармадағы эпизодтарды анықтайды, Сүйінбай мен Қатаған бейнесін салыстырады.
Саралап оқыту тапсырмалары
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Уақыты
Кезеңдері
Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
Ресурстар
1 минут
Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме, балалар?
7-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
• Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы
Сенің меңгеретінің:
Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы мазмұнын түсінесің;
Сүйінбайдың Қатағанмен айтысындағы ұлттық болмысты анықтайсың;
Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.
3-5 минут
2 минут
Жаңа сабақ
Презентациядағы мәліметтер арқылы оқушыға жаңа сабақ туралы ақпарат беріп, мағынаны таныту.
Айтыс өнерінде Сүйінбайдың атын шырқау биікке көтерген Қатағанмен сайысы. Өйткені Сүйінбай қазақ халқына қандай танымал болса, Қатаған да қырғыз еліне мəшһүр ақын екен. Екеуі екі елдің тілі, тілегі, мұрат-мақсатындай болған. Қай ел өзінің атақ-абыройын төмендеткісі келеді. Қазақтар Сүйінбай мықты ақын десе, қырғыздар Қатағанды кем соқты демеген. Қатағанды жоғары бағалаған ел-жұрты оны «Арыстан, Арыстанбай» деп атаған.
Сүйінбай мен Қатағанның айтысы тартыс-таласы мол, қақтығысқа толы жағдайда өтеді. Осы айтыс туралы көптеген зерттеу еңбектерінің авторы Сұлтанғали Садырбайұлы өзінің «Өлең — сөздің жарық жұлдызы» атты мақаласында былай жазады: «Асылы, бұл айтыстың өтілу тарихын əркім əрқалай баяндайды. Мəселен, Жамбыл Сүйінбай мен Қатаған Орман ханның анасына арналған аста айтысыпты десе; Жамбылдың шəкірті Өмірзақ Қарғабаев аталған екі ақынның бұл айтысы қырғыздың шоң манабы Алыбайдың асында айтылған деп түсіндіреді.
«Мен Қырғыз Ғылым академиясы Тіл жəне əдебиет институтының қолжазбалар қорында Сүйінбай мен Қатағанның айтысына қатысты бірнеше нұсқасын қарадым. Соның бірі бұл айтыстың тарихын былай деп баяндайды: 1847 жылы, томаға тұйық, хандық қозғалыстың кейбір басшылары Шу өзенінің жағасындағы қырғыз еліне жəбір көрсетеді, бірнеше ауылдар зардап шегеді, кісі өлімі болады, ақыры өздері де жазаға ұшырайды.
Осы бір трагедиядан соң, бір жыл өтеді: енді екі елдің арасында өкпе-наз қалмасын, достық, туысқандық салтымызды сақтап, Ыстықкөлдің жағасына жиналалық, ат жарыстырып, ақындарымызды айтыстырып, тамашалап тарасалық деген екі жақтан ұсыныс болады. Осыған орай, 1848 жылы жазда, уағдалы жерде, қазақ-қырғыз елінің беделді уəкілдері бас қосқан үлкен ас болады. Асқа қатынасушылар: «Бұдан былай екі елдің бауырластық бесігіне ешкімнің қолы тимесін» деген тоқтамға келеді.
Астың төртінші күнінде екі елдің көрнекті адамдары Орман ханның жүз кісілік шатырына жиналады. Мəслихатты Қара Бəйтік басқарады.
– Қазақ халқының игі жақсылары! Құмырсқадай қаптаған мына отырған қырғыз-қазаққа алыстан келген ақының сəлем берсін», — дейді. Міне , бұл айтыс осы күні болған деседі.