Мұғалімнің аты-жөні:
|
Мажибиева Бағила Жалғасқызы Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
|
Пән/Сынып:
|
Қазақ тілі \ 7 сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
6-апта, 16-сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
10-бөлім:Ғылыми фантастика. Пунктуация
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Әлемдегі ең алғашқы ғылыми-фантастикалық фильм. Жақша
|
Оқу мақсаты:
|
7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру;
7.4.5.1 сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану
|
Сабақ мақсаты
|
мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру; сөйлем ішінде жақшаны дұрыс қолдану.
|
Бағалау критерийі:
|
-мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды;
-мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады;
-сөйлем ішінде жақшаны дұрыс қолданады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
2 мин
|
Ұйымдастыру Сабақтың басы
|
Бөлім. Тақырып. Оқу мақсаты. Сабақ мақсаты
Бүгінгі сабақта:
- Әлемдегі ең алғашқы ғылыми-фантастикалық фильм туралы мәліметпен танысасыздар;
-мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайсыздар;
-мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырасыздар;
-сөйлем ішінде жақшаны орынды қолданасыздар.
|
Оқушылардың белсенді жұмыс жасауға деген ынтасын бақылау.
|
|
1-2 слайд
|
1
|
Сабақтың басы
|
Ойтүрткі
Кинофантастика жанрының пайда болуына не түрткі болды деп ойлайсыздар?
Ең алғашқы фантастикалық фильмді кім түсірген?
|
|
|
3 слайд
|
5мин
|
Сабақтың ортасы
|
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Әлемдегі ең алғашқы ғылыми-фантастикалық фильм
1902 жылдың 2 мамырында Францияда «Айға сапар» атты әлемдегі алғашқы ғылыми-фантастикалық фильм жарық көрген. 21 минуттық фильмді Жюль Верн шығармасының желісі бойынша режиссер Жорж Мельес түсірген.
Кинематография тарихына арналған энциклопедияларда актер әрі режиссер Жорж Мельестің аты «алтын әріптермен» жазылған. Себебі ол сан түрлі деректі фильмдер мен таңғажайып ертегілер, сюрреалистік кино түсіріп, кинофантастика деген жанрдың пайда болуына түрткі болған.
Ағайынды Люмьерлердің ойлап тапқан камерасымен танысқан Жорж Мельес неше түрлі қойылымдық іс-әрекеттерді түсіре бастаған. Мысалы, ол бір кадрда адамның басы болып, ал екіншісінде жоқ болып кететін әйгілі миниатюраның авторы. Көрермендерге адамның басы сол мезетте шабылып кеткендей елестейтін.
Ж.Мельестің кино өнеріне сіңірен еңбегі 1928 жылы бағаланып, Чарли Чаплин оны «жарық алхимигі» деп атаса, Д.У.Гриффит «Мен оған өмір бойы қарыздармын» деген. Ал, 1931 жылы оған Құрметті Легион ордені беріледі.
Егер ағайынды Люмьерлер кинематографта шынайы, реалистік бағыттың негізін қаласа, Жорж Мельес киноға шығармашылық пен қиял, ой еркіндігі мен фантазия әкелді.
1-тапсырма. Негізгі 5 ақпаратты анықтаңыз.
1.
2.
3.
4.
5.
ЖАУАП ҮЛГІСІ. Негізгі ақпараттар.
1.1902 жылдың 2 мамырында Францияда «Айға сапар» атты әлемдегі алғашқы ғылыми-фантастикалық фильм жарық көрген.
2. Режиссер Жорж Мельес 21 минуттық фильм түсірген.
3. Жорж Мельестің түсірген фильмдері кинофантастика жанрының пайда болуына түрткі болған.
4.Чарли Чаплин Жорж Мельес «жарық алхимигі» деп атаса, Д.У.Гриффит «Мен оған өмір бойы қарыздармын» деген.
5. Жорж Мельес киноға шығармашылық пен қиял, ой еркіндігі мен фантазия әкелді.
|
|
1-тапсырма.
|