Сабақ жоспары Ми және психика (сабақ тақырыбы) Модуль /пән атауы : психология



бет53/69
Дата07.01.2022
өлшемі0,77 Mb.
#20453
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69
Байланысты:
жоспар

Сыртқы дүниенiң кез келген объектiлерi кейде ырықсыз-ақ бiздiң назарымызды өзiне тартады. Мәселен, көшемен кетiп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзi түссе, оған мойнын бұрады не милиционердiң ысқырығына жалт қарайды т. б. Мысалы, сіз ағылшын тілі мен Р.Хаммондтың «Күштің сыры неде? Қызықты физика» кітабын оқымақшысыз. Сіздің назарыңыз романда болады. Себебі ол грамматика, лексика ережелеріне қарағанда сіз үшін қызықты. Грамматика, лексика ережелерін оқу ерік күшті салып, ырықты зейін көмегімен мүмкін болады.


– Қалай ойлайсыз, егер біздің зейініміз үнемі ырықты болса, бізге қалай әсер етер еді? (Оқушылардың пікірі тыңдалады).
Түйін. Ырықсыз зейін бізге қоршаған әлемде бағдарлануымыз үшін қажет. Ырықсыз зейiн физиологиялық тұрғыдан барлау рефлексiнiң жемiсi болып табылады.

Ырықсыз зейiннiң көрiнуiне төмендегi жағдайлар себеп болады:

а) күштi тiтiркендiргiштер (көздi аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иiс т. б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы

ә) адамның сыртқы дүниедегi объектiлерге қатынас жасауының дәрежесi (қызығу, қажетсiну, көңiл күйiнiң хош болуы).

Адамның ырықты зейiнi әрекеттi саналы түрде белгiлi ерiк күшiн жұмсау арқылы орындалуынан көрiнедi. Ырықты зейiнде белгiлi бiр мақсат қойып, объектiге ерекше зер салып отыру көзделедi

Үйреншікті зейін терминін орыс психологы Н.Ф.Добрынин ғылымға енгізді. Мысалы, орыс әдебиеті пәнінен реферат жазуға амалсыздан кірістіңіз. Ойыңызды шоғырландыру қиынға соқты, алайда біртіндеп сізге қызықты тақырыптың түскендігі анықталып, енді сізді ешқандай достарыңыздың соққан телефон қоңыраулары, теледидар бағдарламалары жұмыстан бас көтеруге кедергі болмайды.



Зейін түрлері:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет