Үй тапсырмасын сұрау:
Сіздер алдыңғы сабақта «Зейін» тақырыбын өткен болатынсыздар. Жалпы зейін дегеніміз не, оның қандай түрлері бар, зейіннің қасиеттері және оның дамуы туралы не білесіздер? (Қосымша сұрақтар қоямын):
А. А.Ухтомскийдің теориясы туралы не айтасыз?
Зейіннің физиологиялық негізін доминанта теориясынан жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниененің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты д о м и н а н т а деп атаған.
Үйреншікті зейін дегенді қалай түсінесіз?
Адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды.
Зейін көлемі дегеніміз не?
Зейін көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын объектілердің санын айтады.
Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
Зейін түрлері - ырықты,ырықсыз,үйреншікті
Зейіннің аударылуы – бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіру.
Зейіннің бөлінуі – адам санасының бірмезгілде бірнеше әрекетті атқара алу мүмкіншілігі.
Алаң болушылық – белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылық.
Зейін тұрақтылығы – адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа тұрақтала алуы.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Достарыңызбен бөлісу: |