Сабақ жоспары Нарықтық экономика ( сабақ тақырыбы) Модуль /пән атауы жбп 13


Үшінші шарт – өндірушінің дербестігі, кәсіпкерлік еркіндігі. Төртінші шарт



бет4/6
Дата13.04.2023
өлшемі33,81 Kb.
#82561
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Үшінші шарт – өндірушінің дербестігі, кәсіпкерлік еркіндігі.
Төртінші шарт – ресурстарды еркін алмастыру. Нарық жүйесінің пайда болуы және оның белгілері. Алғашқы кезде нарық базар, бөлшек сауда, нарық алаңы ретінде қарастырылды. Бұл нарықтың ең қарапайым, аясы тар ұғымы. Бұл нарықтың алғашқы қоғамдық құрылыс ыдыраған кезде пайда болғандығымен түсіндіріледі, яғни қауымдастықтар арасындағы айырбас белгілі бір жерде және уақытта тұрақты, тауар айырбасы формасын алды. Этнографтардың байқауынша, Калимантан аралы мен қазіргі Малайзия төңірегінде нарықтық қатынастар мынадай жолмен жүргізілген: сатып алушылар емін-еркін тауарларды көріп, айырбас жасау мақсатында сатушылар өз өнімдерін қойып кеткен. Сатып алушы өзіне ұсынылған тауарды алуға шешім қабылдаса, ол өз өнімін тастап кеткен. Кейін сатушылар қайтып келіп, келісім берген жағдайда сатып алушы қалдырып кеткен заттарды алып, орнына өзінікін қойған. Қалалар мен қолөнердің дамуына байланысты сауда, нарықтық қатынастар кеңейіп, базарларға арналған белгілі орындар, сауда алаңдары бекітілген. Сөздің бір мағынасы ретінде нарықты осылай түсіну бүгінгі күнге дейін сақталған. Қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдей түсуіне және тауар өнімінің дамуымен «нарық» ұғымы әлемдік экономикалық әдебиеттерде күрделі түсінікке ие болды.
Осылайша француз математигі, экономист О. Курно «нарық» ұғымын қандай да бір нарық алаңы деп емес, тұтастай алғанда, сатып алушылар мен сатушылардың қарым-қатынасы, бағаларды жеңіл өрі тез теңестіретін мүмкіндік деп есептейді.Нарықтық экономика мынадай белгілермен сипатталады:
• экономикалық ресурстарға жекеменшіктің болуымен;
• нарыққа кедергісіз кіруді қамтамасыз ететін еркін бәсекелестікпен,
Экономиканың бір саласынан екіншісіне капиталдың құйылуымен;
• қандай технологиялар арқылы қандай көлемде, қандай өнім өндіруді, оны кімге сатуды өзі шешетін көптеген тәуелсіз өндірушілердің болуымен;
• қандай өндірушілерден қандай тауар сатып алуды өзі таңдайтын
Тұтынушылардың болуымен;
• кәсіпкерге бизнес саласын анықтауға мүмкіндік беретін, ал жұмысшыға еңбек нарығында еркін жүретін нарыққа қатысушылардың жеке еркіндігімен (жұмысшы күшін қосқанда);
• ұсыныс пен сұраныс әсерімен баға қоюдың стихиялық сипатымен;
• құнына қарай эквивалентті айырбаспен; кәсіпкерлерге ресурстарды үнемдеуге, жаңа техниканы ендіруге, жұмысшы күшін қалыпты жағдайда ұстауға мәжбүр ететін кірістің ең жоғары деңгейіне көтеруге бағыт алуымен сипатталады. Нарықтық жүйенің негізгі модельдері.

1. Америкалық модель. Кәсіпкерлік белсенділікті жан-жақты қолдау жүйесіне, халықтың аса белсенді бөлігін байытуға бағытталған. Аз қамтылған топтарға жекелеген жеңілдіктер мен жәрдемақы есебінен қалыпты өмір сүру деңгейі қарастырылған. Бұған әлеуметтік теңдік мәселесі кірмейді. Бұл үлгі еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі мен жеке табысқа қол жеткізуге жаппай бағыт алуға негізделген.


2. Жапондық модель. Аталған үлгі халықтың өмір сүру деңгейінің (оның ішінде, жалақы деңгейі) еңбек өнімділігінің өсуінен артта қалуымен сипатталады. Соның есебінен өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне және әлемдік нарықта оның бәсекеге қабілеттілігінің бірден артуына алып келеді. Мүліктік теңсіздікке кедергі қойылмайды. Мұндай үлгі ұлттық сана-сезімнің жоғары дамуында ғана, ұлт мүддесінің жеке адамның мүддесінен жоғары болғанда, халықтың өз елінің гүлденуіне белгілі бір материалдық құрбандыққа баруға дайын болған кезде ғана мүмкін.
3. Шведтік модель. Ұлттық табысты әлеуметтік жағдайы төмен халықтың пайдасына бөліп беру есебінен мүлік теңсіздігін азайтуға бағытталған әлеуметтік саясатпен ерекшеленеді. Мұнда мемлекет қарамағында негізгі ресурстың 4 пайызы бар, оның есесіне XX ғасырдың 80-жылдары мемлекет шығынының үлесі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 70 пайыз деңгейінде болып, оның жартысынан көбі әлеуметтік мақсаттарға жұмсалды. Экономикалық қатынастардың бұл түрі салық деңгейі жоғары болған жағдайда ғана орын алуы мүмкін. Бұл модель «функционалды әлеуметтену» деп аталады. Онда өндіріс функциясы бәсекелестік нарықтық негізде жұмыс істейтін жеке кәсіпорындарға тиесілі. Ал жоғары өмір сүру деңгейін (жұмыспен қамту, білім беру, әлеуметтік сақтандыру және т.б.) және инфрақұрылымның көптеген элементтерімен (көлікпен, ғылыми-зерттеу және тәжірибелікконструкторлық жұмыстармен) қамтамасыз ету функциясы мемлекетке беріледі.
4. Германдық модель. Гитлер уақытындағы концерндерді жою және шаруашылықтың барлық түріне (ірі, орта, шағын) тұрақты дамуға мүмкіндік беру негізінде құрылды. Мұнда миттельштанд деп аталатын шағын орта мекемелер, фермерлік шаруашылықтар ерекше қамқорлықта болады. Мемлекет баға, салық және техникалық нормаларға белсенді әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет