Сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар Алгебралық түрдегі комплекс сандарға амалдар қолдану



бет3/4
Дата03.12.2022
өлшемі142,89 Kb.
#54630
түріСабақ
1   2   3   4
V. Қорытынды
Жетістіктер критерийлеріне байланысты оқушылар өз жұмыстарын бағалады, мұғалім жұмысты жақсарту үшін ұсыныс жасайды.
Рефлексия
Оқушылар өз ойларын карточкаға жазады:

  • Бүгін мен білдім …

  • Қызық болды …

  • Мен мынаны түсіндім …

  • Маған не түсініксіз болып қалды …

  • Мен тағы білгім келеді …

Үй жұмысы:№17. 4

Танысады
Саралау –оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Мұғалімнің қолдауының деңгейі бойынша дифференциация, жеке жұмыс, өзара тексеру, жұмыс барысында қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға түсіндіреді, қолдайды.
Өзіндік бағалау, өзара бағалау
Тапсырмаларды орындау барысында өзіндікті, белсенділікті .жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың мақсаты/оқыту мақсаты нақты болды ма?
ОМ –на барлық оқушыларжеттіме?
Егер жетпесе, неліктен?
Сабақта дифференциация дұрыс өткізілдіме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқушылық болды және неліктен?
«Тексерілді»
ДОІЖО: ______________________
69 жалпы білім беретін мектеп____
(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар


Алгебралық түрдегі комплекс сандарға амалдар қолдану
(сабақтың тақырыбы)


Бөлім:
V- тарау. Комплекс сандар.
Педагогтің аты-жөні
Талипова Улбосын Темирхановна
Күні:
14.01.2021ж.
Сынып: 11 «А, Б» ЖМБ
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Алгебралық түрдегі комплекс сандарға амалдар қолдану
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
11.1.2.1- алгебралық түрде берілген комплекс сандарға арифметикалық амалдар қолдану;
11.1.2.2-алгебралық түрдегі комплекс санды түтін дәрежеге шығарғанда in мәнінің заңдылығын қолдану;
11.1.2.3-комплекс санның квадрат түбірін таба алу;
Сабақтың мақсаты
Оқушылар:

  • комплекс сандардың анықтамасы мен қасиеттерін біледі және түсінеді;

  • алгебралық түрде берілген комплекс сандарға амалдар қолдана алады;

- квадрат теңдеулердің және жоғары дәрежелі қарапайым теңдеулердің комплекс түбірлерін табады.
Бағалау
критерийлері

  • комплекс сандар ұғымын енгізу қажеттілігін түсінеді;

  • комплекс сандарға қатысты келесі түсініктерді біледі және ажыратады: нақты бөлік, жорамал бөлік, модуль, аргумент, таза жорамал сандар, тең және түйіндес сандар;

  • алгебралық түрде берілген комплекс сандарға арифметикалық амалдар қолданады;

  • түйіндес комплекс сандардың қасиеттерін қорытып шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:


- комплексті-түйіндес сандары қамтылған есептерге түсініктеме беру және ауызша сипаттау;
- комплекс сандарға орындалған амалдарды түсіндіру;
- квадрат теңдеудің немесе жоғары дәрежелі теңдеулердің түбірлерінің саны туралы пайымдау.
Пәндік лексика мен терминология:

  • нақты бөлік;

  • жорамал бөлік;

  • комплекс сан;

  • комплекстік түйіндес сандар/комплекс-түйіндес сандар;

  • комплекс санның модулі;

  • комплекс санның аргументі;

  • таза жорамал сандар;

  • комплекс түбірлер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • түйіндес жұп сандардың көбейтіндісі … болады;

  • комплекс сандардың қатынасын табу үшін … ;

  • бөлшектің бөліміндегі комплекс саннан арылу үшін …;

  • a+bi санының нақты бөлігі …;

Құндылықтарды дарыту

Шыншылдық, төзімділік, еңбексүйгіштік




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет