Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Үйге бірілген тапсырманы мазмұндатып, сұрақтар қою арқылы пысықтау.
ІІІ. Мақсат қою: жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Табиғат, табиғат құбылыстары,, табиғат заттары туралы.Адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру Сергіту сәті: Ү. Оқушы білімін тексеру:а) Айналадағы дүниемен танысу.«Табиғаттан үйрене біл» тақырыптарын оқи отырып түсіндіру.ә) Адам жалғыз өмір сүре алмайды .Басқа адамдармен бірлесіп қана өмір сүреді.Біздің білмейтініміз көп,оқыған талаптанған адам көп біледі. «Талаптығы нұр жауар» деген нақыл осыдан шықса керек.Адам өз өміріне қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Сондықтан адам табиғатқа қамқорлық жасау керек. Бұл Ата Заңымыздың 38-бабында жазылған.
ҮІ. Бекіту кезеңі: ә) табиғат құбылыстары туралы халық болжамдары:1. Бал арасы гүлге құжынай қонса жаңбыр жауады.2. Егер күн батарда бұлтқа енсе ертеңінде күшті жел болады.3. Егер қарлығаш жер бауарлап төмен ұшса жаңбыр жауады, ол аспандап жоғары ұшса күн ашық болады.
ҮІІ. Қорытындылау:Адам өзіне қажеттіні табиғаттан алады және үйренеді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма .Бағалау
4. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Табиғаттан үйрене біл.
Сабақтың мақсаты:1 Табиғат пен адам өміріндегі байланыс туралы түсінік беру.2 Табиғаттан үйренуге болатын заттарды есте сақтай есте сақтай отырып, логиакалық ойын дамыту.Танымдылық қабілетін таныту 3 табиғатты сүюге оны қорғауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы. І .Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрауҮйге берілген тапсырманы пысықтау, сұрақтар қою.
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру:-Суреттегі түнгі көрініске қарап, оларға ат қой.- Суреттегі табиғи денелерді ата.-Түн мезгілінде туған ойыңды әңгімеле.-Айналадағы дүниені қалай танып білуге болатынын айт.