54. Сабақтың тақырыбы: Ң дыбысы және әрпі. Сабақтың мақсаты: 1 Ң дыбысы және әрпі туралы түсінік беру. Ң дыбысы бар сөздерді дұрыс оқып жаттығу. 2. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. 3 Алған білімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны: І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. - Ұ қандай дыбыс? - Сөздің қай жерінде жазылады?
Сөздік диктант: Ұ ұ нұр, ұл ұн, ұлу, ұлан, ұста.
ІҮ. Жаңа сабақ1. Баған түрінде берілген сөздерді хормен оқу.2. Аң сөзіне дыбыстық талдау жасау.Ң әріп таңбасымен таныстыру. 3. Ұшақ, ұста, құшақ, жұмыс, құлақ, жұмбақ сөздеріне дыбыстық талдау жасау.4. Сөйлем құрату.Сөйлемде неше сөз бар екенін айтқызу. Сұлтан ағаштан ұшақ жасады.
Сөйлем қалай жасалады? Сөйлем соңына не қойылады?
Ү.Жаңа білімді бекіту,пысықтау. Бағандағы сөзді жеке-жеке оқыту. Аңдар туралы жұмбақ шешу.Қаймықпайды күшті аңнан, Қорқады тек тышқаннан. (піл)Жер қопарған тісімен.
Сескенесің түсінен (қабан) Дәптермен жұмыс ң әрпін жазу. Сергіту сәті. ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті үйрендік? Ң қандай дыбыс?