ҮІ Сабақты қорытындылау: -Біз бүгін немен таныстық? -ъ белгісі дыбыстала ма? -Оны не үшін қолданамыз?
92. Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1 Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімдегі олқылықтарды жою.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.Разъезд, подъезд, съезд сөздерін тақтаға жазу
ІІІ. Білімді тексеру.1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ән ұранымен таныстыру. Авторларын білу. 2.Бір шумағын жаттату.
ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
Ү. Қайталау1. Жұмабақтар шешу арқылы әріптерді және дыбыстарды еске түсіру
Әсетте жоқ, Көлде бар, Жазуда бар, Маусымда бар,
Әселде бар. Сайда жоқ. Сызуда жоқ. Мамырда жоқ.
Әкетте жоқ, Төлде бар, Жылуда бар, Қауырсында бар,
Әкелде бар. Тайда жоқ. Қызуда жоқ. Қамырда жоқ.
(Л) (Ө) (Ж) (С)
2. Л,Ө,Ж,С, дыбыстары қандай дыбыстар?
3. Қазанда бар, Шкафта бар, Алмада жоқ, Шайнекте бар,
Қақпақта жоқ. Түймеде жоқ. Қиярда бар. Құманда жоқ.
Өзенде бар, Жирафта бар, Пайда да жоқ, Әйнекте бар,
Батпақта жоқ. Күймеде жоқ. Зиянда бар. Тұманда жоқ.
(З) (Ф) (Я) (Й)
4. З, Ф, Я, Й қандай дыбыстар? Й қандай дыбыстан кейін жазылады?
Я дыбысы қандай екі дыбыстың орнына дыбысталады? 5. Жаңылтпаш айту.
Ақ лағым семіз,
Ала лағым сегіз .
Ала лағым да семіз,
Ақ пағым да семіз.
6) Дәптермен жұмыс: Лл Өө Жж Зз сс Фф Яя и әріптерін дұрыс жаз.Ландыш, өрік ,жидек, қаз,сағат, ферма, тақия, айна.
Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?
93. Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1 Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімдегі олқылықтарды жою.
Достарыңызбен бөлісу: |