Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.Өтілген тақырыптар мәтіндер бойынша сұрақтар қойып «Кім жылдам » ойыны арқылы білімдерін пысықтау.
ІІІ. Білімді тексеру. ИУ әріптерінің орынына қай әріп жазылады? Ю Айдаһар, қаһарман сөздерінің жазылуына мән беріңдер. Сөздік диктант алу Ою, қою, дәріхана, асхана, шахмат, Нұрхат, жиһаз, трамвай, футбол, монтер,шахтер.
ІҮ. Мақсат қою- Бүгін , біз, сендермен өтілген дыбыстар бойынша алған білімдеріңді тексеру ретінде қайталау сабағын өткіземіз.
Ү. Қайталау 1. Жұмбақтар шешу арқылы әріптерді және дыбыстарды еске түсіру. Э, Е, Ф, В, һ Х, Ю дыбыстарына жұмбақтар айту. 5. Жаңылтпаш айту.
Торта қойдым, Орта қойдым
Орта қойдым Жорта қойдым
Тапқырларға тапсырма
Қанша қойым бар? Былтыр болды жалқы қойым,
Егіз қозы тапты оным Биыл және өзі туды
Тағы екі қозы туды Қос қозысы былтыр туған,
Бір-бір қозы биыл туған Сонда бәрі неше деші?
Жүйріктерің есептеші? (жетеу)
Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?
94. Сабақтың тақырыбы: Салыстыру.
Сабақтың мақсаты: 1 1. Мағынасы өзгерген сөздерді салыстыра орырып, түсіну. Сөздердің жуан жіңішкелігіне байланысты оқушылардың дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі:бекіту
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау1.-Орыс тілінен енген әріптерді ата. (в,ф,ё,э,щ,ц,ч) 2. Хат ,айдаһар сөзіне дыбыстық талдау жасау ә) Сөздердің жуан, жіңішке айтылуы
А-Ә
Сан-сән ары-әрі ап-әл
Бары-бәрі татты-тәтті ар-әр
О-Ө
Бол-бөл тол-төл ор-өр
жон-жөн тос-төс оң-өң
тор-төр от-өт он-өн
Ы-І
Ыстық-істік жық-жік ыс-іс
Қиық-киік сыз-сіз тыс-тіс
Ұ-Ү
Тұр-түр сұр-сүр ұн-үн
Тұз-түз ұру-үру ұш-үш
Тұс-түс бұр-бүр ұю-үю
Мазмұны неге өзгеріп кетті?4. Сөйлем құрату: Бірінші сыныпта он бес парта бар.Көшеде жүру ережелерін есіңе сақта. Қажымұқан- әлем чемпионаты.Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік күні5. Үлестірме қағазбен жұмыс: Сөздерді буынға бөл. Бала,шала,сурет,кілем, ұлан, дәптер кітап, қыс, баға. 6 Дәптермен жұмыс:
Достарыңызбен бөлісу: |