Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010


Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар



бет74/304
Дата24.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#96353
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   304
Байланысты:
1-сынып, сабақ жоспары

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: плакаттағы сурет, ана тілі туралы нақыл сөздер, автордың портреті, автордың өмірбаяны
Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгіме, магнитофон немесе баян
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығы.Оқушыларды түгендеу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Мақсат қою кезеңі -Балалар , біз сендермен 1 кезең «Әліппе кезеңін» аяқтап бүгін сендермен 2-кезең «Ана тілі кезеңімен» таныс боламыз.
III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі -Бүгінгі өтетін жаңа тарау «Тіл және сөйлеу». -Балалар, сөйлеу не үшін қажет?Сөйлеуде тіл қандай қызмет атқарады?
Бүгінгі өтетін тарау бастамасы С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді анам тілін » өлеңімен басталады.Өлеңді мен сендерге мәнерлеп оқып берейін, содан кейін талдаймыз.
Сүйемін туған тілді-анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнім
Оқушылардың өздеріне тізбектей оқытамын
Анамның тілі-аяулы үні Ш.Смаханұлы, өлеңді оқи отырып әнімен айтқызу.Өлең арқылы ақын не айтқысы келді? Сергіту сәті
IV.Жаңа материалдар бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі -Балалар , өлеңде не туралы айтылған? Сөз неден құралады? Сөйлеу қалай жүзеге асырылады? -Дұрыс .Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асырылады.Ал енді мына суретке мән берейік.суретте не көріп тұрмыз? -Кім маған сурет бойынша шағын әңгіме құрап береді?
V.Бекіту кезеңі -Балалар, біз сендермен қандай жаңа тарау бастадық? Өлең не туралы айтылады?-Сөйлеу не үшін керек? -Өзің айтқың келген пікіріңді, тілегіңді өзгелерге қалай білдіресің?
VI. Үйге тапсырма .Бағалау.өлеңді жаттап келу, бағалау жауаптарына қарай, сабаққа қатысқандарына қарай бағалаймын


2. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Сөз. Қыс
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлеммен сөздің арасындағы байланысты түсіндіру.Қыс өлеңі туралы түсініктерін қалыптасты ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын алыптастырып, сөздік қорын дамыту б) Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету .Жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет