VII. Бекіту Төрт түлік иелерін ата.
VIIIҮйге тапсырма, бағалау Төрт түлік мал туралы әңгіме құрап, жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызып жазу
№22 сабақ Сабақтың тақырыбы: Жіңішке дауыстылар. Ешкі. Бөрте лақ.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға жіңішке дауысты дыбыстарды ажырата білуге үйрету ә) Оқушыларға жаттығулар орындау арқылы ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. б) Оқушыларды төрт түлік малды қастарлей білуге, қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: қозының суреттері, жіңішке дауысты дыбыстар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу
Үй тапсырмасын тексеру:–Үйге қандай тапсырам берілді?-Үйге берілген тапсырманы кім оқып , талдап береді?
III. Мақсат қою кезеңі: -Балалар, біз сендермен қандай төрт түлік малдармен таныс болдық,кім айтады?
IV. Жаңа сабақ:-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Ешкі», «Бөрте лақ» әңгімесі мен өлеңді оқи отырып, жіңішке дауысты дыбыстарды табамыз. 1. Ешкі қандай жануар?
2. Ешкінің төлін қалай атайды? Мәтінді тізбектетіп оқытамын. Түсінгендерін сұрақ қою арқылы мәтінді талдатамын.
V. Жаңа материалды пысықтауБөрте лақ.Лақ қай малдың төлі?
Шөре-шөре лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секектеме , деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың
Марқа туған бөрте лақ
Әңгімеме сал құлақ.
Ойнай көрме тым ұзап,
Боп жүрмесін бөрі тап
Ойын ретінде «Төлдердің енесін тап».
VI.Жаңа сабақты қорыту Автор І.Жансүгіров туралы түсінік беріп кетемін.
VII. Бекіту Төрт түлік иелерін ата.
VIIIҮйге тапсырма, бағалау Бөрте лақ жаттау, ешкі мәнерлеп оқу.
№23-24 сабақтар Сабақтың тақырыбы: Малдың төлін сүюі.Түлікті құрметтеу
Достарыңызбен бөлісу: |