6. 3.1.1. .Бағалау және салыстыру. Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып,тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар: «Аяз би» ертегісінің мазмұнын біледі.Кейіпкерлерді табады.Кейіпкерлерді өзара салыстырады. Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді..
Оқушылардың басым бөлігі: Проблемалық сұрақтарға жауап бере алады.Кейіпкерлерді іс-әрекетіне қарай өзара салыстыра отырып, бағалайды. Түсіндірме сөздікпен жұмыс жасайды.Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді
Кейбір оқушылар: Ертегі мазмұны бойынша тұжырым жасайды. Шығармаға заманауи тұрғыдан баға береді.Сыни шолу жасайды.
Бағалау критерийі
-шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырады
-тарихи және көркемдік құндылығына баға береді
-шығармаға заманауи тұрғыдан баға береді.
-сыни шолу жасайды.