Сабақтың ортасы
10 минут
13 минут
5 минут
|
Топтық жұмыс. 1-тапсырма: «Айналмалы бекеттер».
Әр топ өз бекетінің жанында орындаған тапсырмаларын басқа бекеттерге көрсетіп, түсіндіреді.
1-топ – «Аяз би»
Ертегідегі кездесетін тұрақты сөз тіркестерімен жұмыс жасау, мағынасын ашу.
Қанын жүктемеу-біреуді өліміне себеп болмау,
Арасына от жағу-араздастыру,
Қарасы үзілу-ғайып болу,
Ірге көтеру-басқа жерге көшу, қоныс аудару
Жақсы,_жаман_сөздеріне_қатысты_мақал-мәтелдер_жазу._(Жақсы'>2-топ – «Хан»
Жақсы, жаман сөздеріне қатысты мақал-мәтелдер жазу.
(Жақсыға жанас, жаманнан адас.
Жақсы - жаныңа жолдас,
Жаман - малыңа жолдас.
Жақсыдан қашпа, жаманға баспа.
Жақсыға сөз батады,
Жаманға шөп батады.
Жақсыға - шарапат,
Жаманға - кесапат.
Жақсыны халық мақтар,
Жаманды халық даттар.
Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді.
Жақсыға шаң жуымас,
Жаманға жан жуымас.
Жақсыға айтсаң, білер,
Жаманға айтсаң, күлер.)
3-топ – «Уәзір»
Жаманның бойындағы қасиеттерін «Топтастыру» стратегиясы арқылы талдайды.
Кері байланыс: Табыс ағашы.
Жұптық жұмыс: 2-тапсырма. «Кубизм» әдісі. Әр жұп кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды,тақырыпқа сәйкес әр жұптың жауабы тыңдалады.Жазған мәліметтерін талқылайды, ортақ жауап дайындайды.
1.Талқылаңыз. Жаман не себепті өлім алдында шынын айтпады? (себебі ол өзінің болашақ әйеліне уәде беріп қойған болатын, сөйтіп енді дарға асқанда сол әйел келіп оны құтқарды шындықты айта бер деп белгі берді осыдан кейін жаман шындықты айтып аман қалды және әлгі әйел жаман уәдесінде тұрған соң оған үйленді)
2.Салыстырыңыз. Венн диаграмасын қолдана отырып, Хан мен қырық уәзірді салыстырыңыз.
Мадан хан
|
40 уәзір
|
хан, ақылды,
кешірімді, әділ,
шешен, аңқау,
көрсеқызар,
наубайшының баласы
|
арсыз, ақылсыз,
күншіл,
екіжүзді, ойсыз,
қаскөй, араға от салушы.
|
3. Зерттеңіз. Аяз би Жаманұлының тарихта алар орны қандай? (шамамен ХІІ-ХІІІ ғғ) қазақ халқының аңызға айналып кеткен ақылгөй абызы, шешен, биі. Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы)
4.Суреттеңіз. Шығармадан алған әсеріңізбен бөлісіңіз,ауызша баяндап беріңіз.
5.Ұсыныс. Неліктен хан Жаманды Ақша ханның еліне көш деп ұсыныс жасады? Сіз қандай ұсыныс жасар едің?
6.Дәлелдеңіз. Шығармадан алған әсеріңіз бойынша, сіздер басшы болсаңыздар,елің үшін не істер едіңіз? Ойыңызды дәлелдеңіз
Дескриптор:
-оқушы өз ойын сын тұрғысынан дәлелдейді -кейіпкерлерді өзара салыстырады.
-кейіпкердің тарихта алар орнын біледі.
-шығармадан алған әсерімен бөліседі,баяндайды.
-шығармаға өз көзқарасын білдіреді.
-ойын жүйелі жеткізеді, дәлелдейді.
|