Мүғалім түсіндірмесі: анимациялық слайд Тақырып бойынша таныстырылым көрсетіледі.
Топтық жұмыс. «Үштік» әдіс (ойлан, жұптас, бөліс)
Топта оқушылар үш-үштен бөлінеді. Әр үштіктің бірінші оқушысы оқиды, екінші оқушы түртіп алады, үшінші оқушы сұрақтар дайындайды. Дайындалған сұрақтар бойынша пікірлерін ортаға салады. Содан кейін әр топ өз тақырыптары бойынша постер құрастырады.
1-топ: тотығу дәрежесі.
2-топ: тотығу үдерісі.
3-топ: тоықсыздану үдерісі.
ҚБ: Кері байланыс орнату.Де-Бононың «Ойлаудың алты қақпағы» бойынша топтың ішінде өзара бағалау жүреді
Жұптық жұмыс. Ойға ой қос ... (тапсырмалар бойынша жұптық жұмыс)
1-жұп: Мына заттардың тотығу дәрежесі өсу реті бойынша орналастырыңыз: N2O, NH3,N2,HNO3,NO2, NO.
2-жұп. Берілген тендеуді таңбалар арқылы жазып аятаңыздар. Заттардың қайсысы тотықтырғыш, қайсысы тотықсыздандырғыш екенің анықтандар.
Алюминий +күкірт қышқылы-
3-жұп. Атом құрылыс тақырыбына суйеніп, химиялық элементтердін тотығу дәрежесін дәлелдендер (оттегі, натрий, алюминий)
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі. Оқушы барлық сұраққа дұрыс жауап берсе жасыл түсті, оқушы 1-2 қате жіберсе сары түсті,оқушы 3-4 қате жіберсе қызыл түсті көрсету арқылы өзін–өзі бағалайды.
Жеке жұмыс. Қалыптастыру бағалауға арналған тапсырма (қосымша№ 1)
ҚБ: дескрипторлар бойынша мұғалім оқушының жұмысына жазбаша кері байланыс береді.
Сараланған тапсырма (қосымша №2)
Рефлексия. Аяқталмаған тезис
Мен сабақта .... үйрендім. Немесе «+» Ұнады, білдім, менгердім
Маған .... қиын болды. Немесе «-» Артық, түсініксіз.
Үй жұмысы. Тапсырма бері, орындау жолын талқылау
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс