Зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы



Дата18.10.2023
өлшемі0,52 Mb.
#118471
Байланысты:
Зертханалық жұмыс


Зертханалық жұмыс


Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторында кесте құру әдістері және ұяшықтарды біріктіру, бөлу; кестені пішімдеу


Жұмыстың мақсаты: Microsoft Word мәтіндік редакторында кесте құруды және ұяшықтарды біріктіру мен бөлуді, сонымен қатар оларды пішімдеуді үйрену.


Жұмыстың мазмұны:
MS Word мәтіндік редакторында мәтіндік редакторында кесте құрудың 3 әдісі бар:
1. Қою=>Кесте (Вставка=>Таблица) батырмасына басып керек бағаналар мен қатарлардың санан ерекшелейміз (6.1-сурет).



6.1-сурет. Кесте қою

2. Қою=>Кесте=>Кесте қою (Вставка=>Таблица=> Вставить таблицу) батырмасына басамыз. Экранда пайда болған Кесте қою (Вставка таблицы) сұқбат терезесінде бағаналар мен қатаралардың санын көрсетіп Ok батырмасына басамыз (6.2-сурет).



6.2-сурет. Кесте қою

3. Қою=>Кесте=>Кесте салу (Вставка=>Таблица=> Нарисовать таблицу) батырмасына басу арқылы кестені қарындаштың көмегімен саламыз (6.3-сурет).





6.3-сурет. Кестені қарындаштың көмегімен салу

Кестені пішімдеу үшін құжатқа кестені қойғаннан кейін пайда болатын Кестемен жұмыс=>Конструктор (Работа с таблицами=>Конструктор) лентасындағы батырмаларды пайдаланамыз. Мұнда кестенің стилін, сызықтың типін, түсін таңдаймыз (6.4-сурет).





6.4-сурет. Кестені пішімдеу

Ұяшықтарды біріктіру үшін керек ұяшықтарды ерекшелеп алып, Макет=>Ұяшықтарды біріктіру (Макет=>Объединить ячейки) батырмасына басамыз (6.5-сурет) немесе жанама мәзірден Ұяшықтарды біріктіру (6.6-сурет) командасын таңдаймыз.





6.5-сурет. Кестені пішімдеу



6.6-сурет. Кестені пішімдеу

Ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу үшін ұяшықты ерекшелеп, Макет=>Ұяшықтарды бөлу (Макет=>Разбить ячейки) батырмасына басамыз (6.5-сурет) немесе жанама мәзірден Ұяшықтарды бөлу (6.7-сурет) командасын таңдаймыз.





6.7-сурет.

Ұяшықты немесе кестені өшіру үшін Макет=>Өшіру (6.8-сурет) батырмасына басамыз немесе жанама мәзірден Ұяшықтарды өшіру (6.9-сурет) командасын таңдаймыз.





6.8-сурет. Ұяшықты өшіру



6.9-сурет. Жанама мәзір арқылы ұяшықты өшіру

Кестеге ұяшық қою үшін Макет лентасынадағы батырмаларға басамыз немесе төмен жағына орналасқан стрелкаға басып, ашылған Ұяшықты қосу (6.10-сурет) сұқбат терезесіндегі керек команданы таңдаймыз.



6.10-сурет. Ұяшық қосу сұқбат терезесі


Кесте мәтіндерін тік бағытта жазу. Кесте ішіндегі мәтіндерді көлденең емес жоғарыдан төмен (не керісінше) тік бағытта жазуға болады. Ол үшін:


1. Қажетті ұяшықты белгілеу керек;
2. Кестемен жұмыс => Макет => Мәтіннің бағыты (Работа с таблицами => Макет => Направление текста) немесе жанама мәзірден Мәтін бағыты командасын орындау қажет.
3.Сұқбат терезесінен өзімізге ұнаған бағытты таңдап аламыз.



6.11 - сурет. Мәтіннің бағытын таңдау сұқбат терезесі


1-тапсырма. Төменде берілген кестені сызып, оны мәліметтермен толтырыңыз.



2-тапсырма. Төменде берілген кестені сызып, оны мәліметтермен толтырыңыз.



3-тапсырма. Төменде берілген кестені сызып, оны мәліметтермен толтырыңыз.





4-тапсырма. Төменде берілген кестені сызып, оны мәліметтермен толтырыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет