Сабақ жоспары: Тыныс алу ағзаларының жалпы сипаттамасы. Сыртқы мұрын. Мұрын қуысы. Мұрын аймағының қойнаулары



бет3/8
Дата09.05.2022
өлшемі22,84 Kb.
#33577
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Саба жоспары Тыныс алу а заларыны жалпы сипаттамасы. Сырт ы м

Мұрын қуысы. Мұрын куысы, cavum nasi, сыртқы мұрын мен бет сүйектерімен шектелген (№91 суретті қараңыз). Мұрын қуысы кіреберіс бөлігіне, vestibulum nasi, және меншікті мұрын қуысына, cavum nasi proprium, бөлінеді. Мұрын қуысы кіреберісі, vestibulum nasi, меншікті мұрын қуысынан мұрын куысының босағасы, limen nasi, аркылы шектелген. Мұрын қуысы кіреберісінін терісінде май бездері мен тері бездері жэне шаштар немесе вибристер көптеп орналаскан. Меншікті мұрын куысының, cavum nasi proprium, кдбырғалары сырткы мұрын мен бет сүйектерінен тұрады. Мұрын қуысының: жоғарғы, төменгі, латералді және аралық қабырғалары ажыратылады. - Жоғарғы кабырғасы: сыртқы мұрынның латералді шеміршегінен, cartilago nasi lateralis, мұрын сүйегінен, os nasale, торлы сүйектің торлы табағьінан, lamina cribrosa, және сына тәрізді сүйек денесінен, corpus ossis sphenoidalis, тұрады; - Төменгі қабырғасы: катты тандай, palatum durum, мен жұмсақ таңдайдан, - Бүйір қабырғасы: сыртқы мұрынның ла- тералді шеміршегінен, жоғарғы жақсүйектің мұрын бетінен, facies nasalis maxillae, тандай сүйектің перпендикулярлы табағының мұрын бетінен, lamina perpendicularis, торлы лабиринттің мұрын бетінен, facies nasalis labyrinthi ethmoidalis, көзжас сүйегінен, os lacrimale, және төменгі мүрын қалқанынан, concha nasalis inferior, тұрады. Мұрын қуысының бүйір қабырғасындағы үш мұрын қалканының аралығында: жоғарғы, ортанғы және төменгі мұрын жолдары және мұрын жанындағы қойнаулардың мұрын қуысымен жалғасатын тесіктері орналаскан (№ 94, 95, 96 суреттерді қараңыз). 1. Жоғарғы мұрын жолы, meatus nasi superior, жоғарғы және ортаңғы мұрын қалқандарының аралығында орналасқан. Бұл мұрын жолы сынатәрізді сүйектің қойнауымен, sinus sphenoidalis, және артқы торлы ұяшықпен, cellulae ethmoidalis posterior, байланыскан. 2. Ортаңғы мұрын жолы, meatus nasi medius, ортаңғы және төменгі мұрын калқандарының аралығында орналасқан жоғарғы жақсүйек койнауымен, sinus maxillaris және алдыңғы, ортаңғы торлы ұяшықтармен, cellulae ethmoidales anterior et medius, байланысқан. 3. Төменгі мұрын жолы, meatus nasi inferior, ол төменгі мұрын қалқаны мен тандайдың аралығында орналасқан. Бұл мұрын жолына мұрын-көзжас өзегі, canalis nasolacrimalis, ашылады, және күрек тіс өзегі, canalis incisivus, аркылы ауыз куысымен байланысады. - Мұрын қуысынын аралық қабырғасы: желбезек, vomer, пен мүрын куысының аралық шеміршегінен, cartilago septi nasi, тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет