Көмей шеміршектері: Көмей шеміршектері сыртқы пішініне, атқаратын қызметіне карай жұп және тақ гиалин немесе эластикалық шеміршектерден тұрады (№ 100-108 суретгерді қараңыз). -Қалканша шеміршек, cartilago thyroidea, көмейдің басқа шеміршектерінің сыртын қалқантәрізді коршап орналасуына байланысты, қалқанша шеміршек деп аталуы сол себепті. Қалқанша шеміршегі төртбұрышты, жалпақ, жұп табақшадан, laminae, тұрады (№100, 102, 105,107 суреттерді қараңыз). Бұл шеміршектің бұрыш құрап, түйісіп орналасқан алдыңғы жиегі бірігіп, ересек ер адамдарда айқын байқалатын көмей шодырын, prominentia laryngea, немесе "Адам алмасы" атгы шығыңқыны кұрайды. Бұл екі табакшаның алдыңғы қапталында жоғарғы қалқанша тілігі, incisura thyroidea superior, және таяздау келген төменгі қалқанша тілігі, incisura thyroidea inferior, орналаскан. Қалканша шеміршегінің ішкі және сыртқы беттері, facies internus etexternus, ажыратылады. Сыртқы бетінде мойыннын төс- қалқанша бұлшықеттің, т. sternothyroideus, бекитін және калқанша-тіласты бұлшықеті басталатын, т. thyrohyoideus, қиғаш сызық, linea obligua, орналаскан. Бүл шеміршектің "s” әрпіне үқсап орналаскан жоғарғы қыры, те- гістеу келген төменгі жиегі және вертикалді орналасқан артқы жиегі ажыратылады. Арткы вертикалді жиегінің жоғаргы жиегімен түйіскен жерінде жоғарғы мүйізі, cornu superior, төменде жүзіктәрізді шеміршекпен, cartilago cricoidea, буындасып буын құрайтын төменгі мүйізі, cornu inferius орналаскан. - Жүзіктәрізді шеміршек, cartilago cricoidea, сырткы пішіні жүзікке ұқсап орналаскан так гиалин шеміршектен тұрады (№101, 104, 105, 106, 107 суреттерді қараңыз). Бұл шеміршек алға карап орналаскан догасынан, arcus cartilaginis cricoideae, және артында төртбұрыштәрізді орналаскан табақшадан, lamina cartilaginis cricoideae, тұрады. Табақшаның жоғарғы бетінде ожаутәрізді шеміршекпен беттесіп буын құрайтын оң және сол жақ буын бетгері, төменде доғасының табакшасымен косылган жерінде және бүйір қапталында, қалқанша шеміршектін төменгі мүйізімен беттесіп буын құрайтын буын беттері орналаскан. –Ожау тәрізді шеміршек, cartilago агуtenoidea, сыртқы пішіні үш жақты пирамида тәрізді келген жұп гиалин шеміршегінен тұрады (№106,107 суреттерді караңыз). Бұл шеміршектің жогарғы және медиалді орналаскан үшы, apex cartilaginis arytenoideae, төменде негізі, basis cartilaginis arytenoideae, алдыңгы медиалді беті, facies medialis, ойыстау келген арткы беті, facies posterior, ажыратылады. Сонымен катар, ожаутәрізді шеміршек негізінін алдында, дауыс байламы бекитін дауыс өсіндісі, processus vocalis, бүйір қапталында бүлшықеттік өсіндісі, processus muscularis, орналаскан. - Мүйізтәрізді шеміршек, cartilago corniculata, сыртқы пішіні мүйіз тәрізденіп, ожаутәрізді шеміршектің ұшында орналасқан жұп эластикалық шеміршектен тұрады (№ 104, 105 суреттер). - Сынатәрізді шеміршек, cartilago сиnеіformis, ожау-көмей кақпағы қатпарының, plica aryepiglottica, кабатында орналасып, сынатәрізді төмпешікті, tuberculum cuneiforme, кұраушы эластикалық шеміршек. - Көмей қақпашығы (бөбешік) Көмей қақпашығы, epiglottis көмей кірісінің үстінде орналасқан дара эластикалық шеміршек (№103, 104, 105 суреттерді караңыз). Бұл шеміршектің жіңішкелеу келген, калқанша шеміршектің жоғарғы тілігіне жақындап, бекіп орналасқан көмей қақпашығының сабақшасы, petiolus epiglottidis, жэне тілге қарап орналаскан алдыңғы беті, көмей қуысына караған артқы беті ажыратылады. Көмей кақпашығының артқы бетінде шырышты бездердің шұнкырлары көптеп орналаскан. Көмей шеміршектерінің аралық буындары мен байламдары. (№108, 109, 110 суреттерді қараңыз) 1. Жүзікқалқанша буыны, articulatio cricothyroidea, калқанша шеміршектіңтоменгі мүйізі, cornu inferius, мен жүзіктәрізді шеміршектің қалқаншалық буын бетінің арасындағы буын. Қалқанша шеміршек жоғарыда тіласты сүйегімен, алдында орталық қал- қанша-тіласты байламымен, lig thyrohyoideum medianum, қалқанша шеміршегінің жоғарғы мүйізімен, cornu superior cartilago thyroideae, тіласты сүйегінің үлкен мүйізімен, латералді қалқанша-тіласты байламымен, қалқанша шеміршегінін бүйір капталы қалқанша-тіл- асты жарғағымен, membrana thyroidea, байланыскан.
Достарыңызбен бөлісу: |