Сырткы мұрын Мұрын аймағы, regio nasalis, топографиялық орналасуына қарай: мұрынның сырткы бөлігінен немесе сыртқы мұрыннан жэне мұрын куысынан тұрады (№88 суретті қараңыз). Сыртқы мұрын, nasus extemus (грекше - rhis, rhinos) мұрын түбірінен, қырынан, ұшынан және танауынан тұрады. Мұрын түбірі, radix nasi, ол беттің жоғарғы бөлігінде орналаскан, мандай сүйегінен мұрын-маңдай шұңкыры арқылы шектелген. Бүйір қабырғасы орталық бөлігінде бірігіп, мұрын қырын, dorsum nasi, төменгі латералді бөлігі мұрын қанатын, alae nasi, құрайды, демді мұрын қуысына өткізуші танаумен, nares, және танауларды бір-бірінен бөліп тұратын мұрын қалқасынаң тұрады. Сыртқы мұрынның кабырғалары сүйектік және шеміршектік боліктен тұрады. Сүйектік бөлігі: мұрын сүйегінен, os nasale, жэне жоғарғы жаксүйектің мандайлык өсіндісінен, processus frontalis maxillae, тұрады. Шеміршектік бөлігі дәнекер тіндер аркылы өзара байланысқан бірнеше шеміршектерден тұрады (№88, 89, 90 суретті караныз).
Шеміршектің алдынғы қыры өзара бірігіп, мұрынның қырын кұрап, төменгі қыры қанаттың үлкен шеміршегімен байланысқан. – Қанаттың үлкен шеміршегі, cartilago alaris major, мүрыннын латералді шеміршегінің бүйір капталында орналасып, қанатгың қабырғасын кұрап, мүрынның сыртқы тесігі танауды, nares, құрауға қатысады. - Қанаттың кіші шеміршегі, cartilago alaris minor, ол қанаттың үлкен шеміршегінің артқы қапталының екі жағында 2-3 ұсақ шеміршектен тұрады. - Кейбір кезде мұрынның латераиді шеміршегі мен қанаттың үлкен шеміршектерінің аралығында, мұрын қуысына жақын орналасқан сыртқы пішіні өзгермелі бірнеше ұсақ қосалқы шеміршектері, cartilagines nasales accessoriae, кездеседі. -Мұрын қуысының аралық шеміршегі, cartilago septi nasi, сыртқы пішіні төртбұрыштәрізді дара шеміршектен түрады. Шеміршектің жоғарғы және арткы қапталы торлы сүйектің перпендикулярлы табақшасымен, lamina perpendicularis, төменгі артқы қабырғасы желбезекпен, vomer, шектелген.
Достарыңызбен бөлісу: |