Сабақ жоспары: Тыныс алу ағзаларының жалпы сипаттамасы. Сыртқы мұрын. Мұрын қуысы. Мұрын аймағының қойнаулары



бет4/8
Дата09.05.2022
өлшемі22,84 Kb.
#33577
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Саба жоспары Тыныс алу а заларыны жалпы сипаттамасы. Сырт ы м

Мұрын қуысының шырышты қабығы, tunica mucosa, кірпікшелі эпителиймен көмкерілген, терең қабатында шырышты бездермен қатар күрделі ұяшықты, шырыш- сірлі бездер көптеп орналасқан. Сонымен қатар, шырышты кабықтың астында, төменгі және ортаңғы мұрын жолдарының тұсында ауаны жылытуға арналған қалқандардың үңгірлі веноздық өрімдері, plexus cavernosi сопсһагит, орналаскан. Шырышты қабық топографиялық орналасуьша және атқаратын қызметіне қарай: мұрын қуысының жоғарғы мұрын жолының маңында орналаскан иіс сезу аймағына, regio olfactoria, жэне ортаңғы, төменгі мұрын жольшың маңында орналасқан тыныс алу аймағына, regio respiratoria, бөлінеді (№93 суреттерді караңыз). Мұрын қуысы арқылы күрделі сараптан өткен ауа, хоан тесігі, одан әрі жұткыншақ аркылы көмейге бағыт алады.

Көмей, larynx, тыныс алу жүйесінің ішіндегі құрылысы мен атқаратын қызметі өте күрделі мүше (№97, 98 суреттерді қараңыз).

Көмейдің топографиясы: Көмей, larynx, мойынның алдыңғы аймағының ортаңғы бөлігінде, ересек адамдарда 4-6 мойын омырткалар аралығында орналаскан. Көмей жоғарыдан тіласты сүйегімен жарғақтар, байламдар және бұлшықеттер арқылы, төменде кеңірдекпен дөңгелек байламдар арқылы байланысқан. Алдыңғы беті мойынның тіласты сүйегінен томен орналаскан бұлшықеттермен (mm. sternohyoidei, thyrohyoidei, omohyoidei) және қалқанша безбен, бүйір беті мойынның ірі артерия, вена тамырларымен, кезбе нервпен, п. vagus шектелген. Арткы беті жұтқыншактын көмейлік бөлігімен шектеседі (№99 суретгі қараңыз).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет