қазақтың дəстүрлі əншілік, сал-серілік өнерімен танысуға қызығушылық білдіреді;
Ақан сері туралы мəліметтер жинауға, өмірімен танысуда сыныптастарымен бірге белсенділік көрсетеді;
Ақан сері əндерін тыңдайды, көркемдік сипатына талдау жасауға, орындауға тырысады;
өзінің жəне мүмкіндігінше өзгелердің жұмыстарын бағалай біледі.
Тілдік мақсаттар
атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жайлы шығармашылық жұмыс құру үшін идеялар ұсынады;
өз шығармашылық жұмыстарын көрсетеді, өзінің жəне өзгелердің жұмыстарын бағалай біледі.
Құндылықтарды дарыту
Қазақтың мəдениетіндегі əншілік өнердің орнын бағалау, мақтан тұту
Пəнаралық байланыстар
Тарих. Əдебиет
Бастапқы білім
Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып білім алу
Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
1-тапсырма.Зерттеу.
«Музыкау»лоықғы
(МК,Ұ) Біржан салмен қатар əншілік өнер тарихында
Нота хрестоматия
өзіндік орны бар əнші-композитор – Ақан сері.
Фонохрестоматия
Балалар алдымен Ақан сері туралы мəлімет
іздестіруден бастайды.
Оқулықта Ақан сері туралы қысқаша мəлімет
берілген.
Мұғалімнің Ақанның «Балқадиша» əнін алғаш рет
Парижге танытқан əнші Əміре жөнінде де тоқталып
өткені артық болмайды.
Ақанның шығармашылығын сыныппен зерттеуде сал- серілік өнер мəселесі де қозғалады.
«Біржанды сал деп атаса, Ақанды сері деп атаған. Серінің бойында да сал сияқты бірнеше өнер түрі бар. Серілер – сырбаз, жақсы мен жаманды саралап, биязы жеткізетін нəзік жандар. Сал-серілік дəстүрді жан- тəнімен жақсы көрген Ақан сері жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы баптаған».
Сабақтың ортасы
2-тапсырма.Тыңдалым жəне талдау.
(МК,Ұ, ОТ) Оқушылар Ақан серінің «Маңмаңгер» əнін бейнежазбадан, үнтаспадан тыңдайды. Мұғалім оқушылардың назарын əннің мазмұнымен қатар, лирикалық жағына аударады.
Суретке жəне бейнежазбаға қарай отырып, əн мазмұны туралы пікіріңді ортаға сал.
«Маңмаңгер кекілің келте, жалың майда» сөздерінің мазмұнын қалай түсінесің?
Ақан сері жылқы сұлулығын, туған ауылына деген сағынышын қандай əуен арқылы жеткізген (жігерлі, баяу, жылдам, көңілді, лирикалық)?
Оқушылар өз пікірлерін толыққанды жеткізгеннен кейін, мұғалім оқулықтағы түйіндемені оқиды.
«Ақанның əндерін көбіне лирикалық əндер қатарына жатқызады. Лирикалық əн адамның ішкі сезімі мен толғанысын білдіреді. «Маңмаңгер» əні – əншінің жылқысына деген сүйіспеншілігін білдіретін лирикалық əн».
3-тапсырма.Талқылау.
Ақанды зерттеп, музыкасын тыңдағаннан кейін балалар Ақанның жалпы сыртқы жəне ішкі бейнесіне қандай мінездеме беретіні туралы талқылау ұсынылады. Оқулықта осыған байланысты ассоциациялық сурет те берілген.
Оқушылар суреттер бойынша композитордың сүйікті жануарлары, əншінің сахналық шығармашылығы, сүйікті ісі туралы мəлімет жинауына болады.