Сабақ жоспары Ұзақмерзімді жоспар бөлімі



бет120/177
Дата12.02.2023
өлшемі0,81 Mb.
#67322
түріСабақ
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   177
Байланысты:
Музыка 3 сынып ҚМЖ

Пəнаралық
байланыстар

Тарих. Əдебиет

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып білім алу

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

6-бөлімдегі негізгі тақырып «Атақты тұлғалар» аясында қарастыратын тақырып «Ұлы Дала сал- серілерімен» танысуға арналады. Алғашқы танысатын атақты тұлға – Біржан сал.
Біржан сал шығармашылығына тоқталмастан бұрын, мұғалім оқулықтағы бірнеше атақты адамдардың суретіне оқушылар назарын аударады. Мұғалім оқулықтағы суреттерден басқа да алдыңғы бөлімдерде өткен атақты тұлғалардың суретінен таныстырылым ұсына алады.
1-тапсырма. Сыныптық талқылау. Оқулықта төмендегідей сұрақтар қойылған:

  • Суретке қарап, басқа да атақты əнші, сал- серілерді, ақындарды, күйшілерді, композиторларды ата.

  • Олардың атақты адамдар болуына қандай қасиеттері ықпал етті (Мысалы: өнерге қызығуы, еңбекқорлығы.................)?

  • Өзің неге қызығасың? Қалай атақты болуға болады: жақсы оқу, мақсат қою, ұлы адамдарға еліктеу арқылы жəне т.б.?

Талқылау кезінде оқушылардың барлық жауаптарын қабылдау керек.

«Музыка» оқулығы, нота хрестоматиясы, фонохрестоматия
«Біржан сал» фильмінен үзінді https://www.youtub e.com/watch?v=Cpv s6f4R34g
Сал, сері жайында мəліметтер https://www.youtub e.com/watch?v=b71 CVihZ63M

Сабақтың ортасы

2-тапсырма. Ақпарат іздеу.
(МК,Ұ) Оқушыларды Біржан сал шығармашылығымен таныстырудан бұрын «Біржан сал» фильмінен үзінді көрсетеді. Біржан сал рөлін сомдаған актёр жəне фильм режиссёрі – Д. Жолжақсынов.
Бейнежазбада Біржанның Қояндыдағы халық ортасында əн айтып отырған сəтіндегі көріністері алынған. Үзіндіде Біржан салдың халық арасындағы беделі мен ер мінезділігі жəне оны көре алмаған Азнабай байдың қорлығы көрсетілген. Шырқалған əндер «Айтбай», «Лəйлім-шырақ». Оқу ресурсында Біржанды халқының еркелетуі мен сал-серілер жөнінде мəліметтер бар сайтттық сілтемелер де берілген.
Оқушыларға төмендегідей тапсырмалар берілген:

  • Бейнетаспадан Біржан салдың өміріне арналған фильмнен үзіндіні көр.

  • Біржан бейнесіне мінездеме бер. Пікіріңді білдіруде мына сөздерді қолдануға болады: дауысы жоғары, тік мінезді, батыл, халық құрметіне бөленген. Оқушылар пікірлерінен кейін түйіндеме беріледі.

«Біржан өнерін қадірлеген халқы оны «Біржан сал» деп атаған. Сал – жан-жақты өнерлі адам (ақын, əнші, композитор, суырыпсалма жəне т.б.) бойына







сыйғызған адам. Біржан сал əндері асқақ та биік, төгіліп орындалады». Оқулықта Біржанның дүниеге келуі жөнінде қысқаша мəліметтер берілген. Кино үзіндісін немесе əндерді таңдауда мұғалім өзі ерікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет