2-тапсырма. Ақпарат іздеу.
(МК, Ұ,ОТ) Бұл тапсырма түрінде оқушылар Махамбет Өтемісұлы жөнінде ақпарат іздестіреді. Құрманғазы шығармашылығымен 1-ші, 2-ші сыныптан таныс, дегенмен екі ұлы тұлғаның арасындағы байланысты сезіну мақсатында Құрманғазы шығармашылығына оқушылар қайта тоқталады. Оқулықта екі тұлғаның да суреті берілген. Исатай Тайманов (1836–1837) бастаған көтеріліске қатысы жөнінде əңгіме қозғалуы тиіс. Махамбет Исатайдың қасында жүрсе, бала Құрманғазы ағаларына «Кішкентай» күйін арнаған.
Бірқатар ортаға салынған ақпараттық мəліметтерден кейін екі композитордың музыкалық шығарма- шылығы жөнінде түйін жасалады.
«Құрманғазы ұлы күйші болса, Махамбет – атақты ақын, шебер күйші, батыр. Екі атақты тұлғаның шығармалары күрес-тартыс үстінде туған. Егер Құрманғазы «Адай» күйінде халықтың жігерін көрсетсе, Махамбет ақын Жұмыр мен Қылыш деген батырлардың ерлігін күй арқылы жеткізген.
Екі күйші де батырлық туралы күйлер шығарған».
3-тапсырма.Орындау.