Оқылым. Оқулықтағы «Бір минут» мәтінімен жұмыс ұйымдастырылады.
«Қар кесегі» арқылы сұрақтарды келесі топқа лақтырады. (МК) Мұғалім оқушы сұрақтарының неліктен? не себепті? қалай ойлайсың? мазмұнында болуын қадағалайды. Жауап болатын пікірдің нақты, дәйектермен берілуін бағалайды.
Мысалы. Талғат бір минуттың да рөлі бар екенін түсінді ме?, Оны түсінуге не себеп болды? Топтар өзара бірін-бірі бағалау дескрипторы негізінде «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша бағалайды.
Бағалау дескрипторы: -бір ашық, бір жабық түріндегі сұрақ құрастыру;
-сұрақ мәтіннің мазмұнына сәйкес болу керек;
-өз көзқарасын білдіретін жауап болу керек.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау 3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Жазылым. Жазба жұмысы «Қос жазба күнделігі» стратегиясы арқылы ұйымдастырылады.
Оқушылардан таратылып берген парақты ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады.
Тапсырма 1. 1. Берілген сөздерді жинап алу - бөліктің оң жағына жазады.
Адам, бір, өмірінде, бар, минуттың, да, маңызы.
2. Мағынасын ашу – бөліктің сол жағына жазады.
Бір минуттың да адам өмірінде маңызы бар.
Жаңа сабақ. 3.4.1.2 (МК) Мәтіндегі қарамен берілген сөздерге назар аударту, қайталап оқыту: кітабы, жауабы.
Берілген сөздердің түбірін және қосымшасын тапқызу: кітап+ы=кітабы, жауап+ы=жауабы.
Түбір сөзге -ы, -і дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кезде өзгеретінін аңғарту.
Ереже: Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: кітап - кітабы, парақ – парағы, әріп –әрпі, халық – халқы.
34-жаттығу (Ө, Қ) . Суреттегі сөздерді жұптастырып жазады. Жұптасқан сөздерді салыстырып, түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны атайды.
(МК) Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу, үзбей және біркелкі жазуы қадағаланады.
Каллиграфиясы бойынша жеке қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмыс ұйымдастырылады.