Сабақ жоспарын құрыңыз



бет8/8
Дата25.05.2023
өлшемі32,85 Kb.
#97147
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
65,66,67,68 қазақ тілі

67.Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын жаңа технологиялар.
Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттердің бірі - оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудын тиімді әдіс – тәсілдерін өз тәжірибесінде таңдап алады.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді.
Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттырады, пәнге деген қызығушылығын оятады. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технолгиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы:

  • Сабақтың белсенділігін арттыруға

  • Дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға

  • Сабақты шапшаң жүргізуге

  • Оқушының өздік жұмысының көлемін көбейтуге болады.

Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаңа
технологиялық әдістер:

  • Әңгіме – диалог;

  • Түртіп алу;

  • Кубизм, т.б.

АКТ-ны қазақ тілі сабағына енгізгенде мынадай нәтижелерді көруге болады:

  • Пәнге деген қызығушылық, сабақта оқушылардың өз бетімен жұмыстануының артуы.

  • Оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауы.

  • Оқу үрдісіне әр оқушының белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

  • Оқушылардың танымдық шығармашылық деңгейін арттыру.

68.Қазақ тілі сабағында оқушыларды дамыту жолдарына талдау жасаңыз.
Қазақ тілін оқытудың ең негізгі мақсаты – тілді үйрету, яғни оқушы белгілі дәрежеде қазақ тілінде сөйлеу керек, басқаны түсіну керек, оқыған шығарманың мазмүнын түсіну керек, өз ойын басқа адамға жеткізе білу керек. Бұл ушін сабақ барысыдна мәтіндер қолданылады.
Мәтіндерді қолдану мақсаты – балалардың сөздік қорын дамыту, мәтінді талдай білу, сонымен бірге ауыз және жазба тілінің дағдаларын қалыптастыру. Баланың тілін дамытуда мәтін үлкен орын алады, мәтін балаға білім береді, тілі мен ой-өрісін дамытады және тәрбиелейді.
Мысалы, ауызша да, жазбаша да біз өз ойымызды сөз арқылы емес, негізінде мәтін арқылы жеткіземіз.
Мәтін талдаған кезде келесі талаптарға назар аудару қажет:

  1. Мәтінде тәрбиелік мақсаты болу керек;

  2. Мәтіндерде оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін қазақ халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері, ұлт мейрамдары туралы мағлүмат көбірек болуы тиіс;

  3. Жеңілден қиынға деген дидактиқалық принципіне сәйкес мәтіндер сабақтан сабаққа, сыныптан сыныпқа күрделену тиіс.

Мәтінмен жұмыс 5 түрге бөлінеді:

  1. Мәтінмен танысу (тұсаукесер)

  2. Мәтін негізінде тапсырмалар мен жаттығуларды орындау

  3. Сұхбат құрастыру

  4. Монолог ,5.Бақылау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет