Сабақ жоспарының Үлгісі 1-сабақ Бөлім: Өзім туралы



бет5/193
Дата01.12.2022
өлшемі2,17 Mb.
#54184
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193
Бөлім:

Өзім туралы

Педагогтің аты- жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы

Оқу бағдарла- масына сәйкес оқыту мақсаттары

2.4.1.2 у, и, й әріптерінің емлесін сақтап жазу;
2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;
2.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету және құраған сөйлемін толықтыру;
2.3.1.1 мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу
мәтіндерін құрап жазу

Сабақтың мақсаты

У дыбысының дауысты немесе дауыссыз болып келуін анықтайды. Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Суреттер мен тірек сөздерді қолдана отырып, сипаттау мәтінін құрастырады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
(5 мин)

Психологиялық жағымды ахуал орнату. (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ мақсатын хабарлау.










Ортасы
(35 мин)

  1. жаттығу. «Өкіл» әдісі арқылы оқушы- ларға кестедегі сөздерді оқып, талдау тапсырылады.

Сөздердегі у дыбысының қандай жағдайда дауысты, қандай жағдайда дауыссыз болатыны туралы мұғалімнің көмегімен топта қорытынды жасалады.
Жасаған қорытындылары оқулықта берілген жаңа мәліметпен салыстырылады.



  1. жаттығу. Оқушыларға оқулықта берілген мәтінді мәнерлеп оқу тапсырылады.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар

Әр топ кестеде берілген сөздер- дегі у дыбысының дауысты немесе дауыссыз болатыны туралы қорытынды жасайды. Сосын әр топтан бір «өкіл» таңдалып, түсіндіріп жинақтау және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Одан кейін не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады.

Мәтінді мәнерлеп оқиды. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап береді.



Қолдау

Оқулық
Қазақтың ұлттық киімдері https:// www. youtube. com/ watch?v= ZRufTn Hq3M4


25



26






құрастырып, қойылған сұрақтарға жауап беру тапсырылады.
«Қазақтың ұлттық киімдері» бейнебаяны көрсетіледі.
Суреттегі ұлттық баскиімдердің атауы тапқызылады. Сәуленің қуыршағына қай баскиімді таңдайтынын тапқызып, дәлелдейді. Сәукеле туралы қосымша ақпарат беріледі.




Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


«Отшашу» арқылы бағалау.

Жәдігер – Сәукеле https:// www. youtube. com/ watch?v= BaXLC aMI3LY

«Жәдігер–Сәукеле» бейнебаяны көрсетіледі.



Бейнебаяннан баскиімдердің
атауын табады. Бейнебаянды мұқият көріп, қажетті ақпаратты түртіп алады.







Жұптық жұмыс. «Маршрут» ойыны
түрінде жүргізіледі.
Ұлттық киімдерге байланысты ойлап тапқан сөздің соңғы әрпі кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, торкөздерге сөздерді жазады. Мысалы: Мәсі ішік кимешек көйлек т.б.
Сәукеле етік кимешек көйлек т.б.

Сөздерді белгілі ретпен құрастырып айтады.






Оқулық. Дәптермен жұмыс

Дәптермен жұмыс
15-жаттығу. Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқып, көшіріп жазады. Дауысты у дыбысының астын – бір, дауыссыз у дыбысының астын екі рет сызады.

Мәтінді көшіріп жазады. У дыбысының астын тиісті сызықпен сызады.









Дескриптор:

  • мәтінді мәнерлеп оқиды;

  • мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндайды;

  • мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

Оқушылардың жұмысы дескриптор бойынша бағаланады.



1 балл


1 балл

1 балл



Дескриптор






  • у дыбысы бар сөйлемдерді анықтап, көшіріп жазады;

  • дауысты у дыбысының астын бір рет сызады, дәлелдейді;

  • дауыссыз у дыбысының астын екі рет сызады, дәлелдейді;

  • ұлттық ою-өрнектерді және оның қандай бұйымдарда кездесетінін атайды.




2 балл

2 балл


2 балл


1 балл



Сергіту сәті

Сергіту сәті
Бiр, екi, үш, Бойға жинап күш,
Жаттығуды жасаймыз, Шынығуды бастаймыз.
Сергіту сәтіндегі у әрпі бар сөздерді тауып, дауысты не дауыссыз екенін анықтату.

Сергіту сәтін қимылмен жасайды. У дыбысының орнын анықтайды.







Дәптермен жұмыс
Сабақта игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі
«Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады.
Бірінші тұрған «Сауатты жазу»; екінші тұрған «Көркем жазу» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады.

Оқушылар жұмыс дәптерінде берілген тапсырманы орындап, дұрыс жауапты жасыл түсті қарындашпен бояйды.





«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Қолдау көрсету.



Дәптермен жұмыс.
Түрлі түсті қарындаш- тар

Сөздікпен жұмыс
Орфографиялық және түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Сәукеле, бұйым, әшекей, тақия, қамзол, белдемше сөздерінің мағынасына, жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.

Сөздердің мағынасын сөздіктен тауып оқиды. Жазылуына талдау жасайды.



Мақтау, мадақтау.



Түсіндірме және орфо- графиялық сөздік




27



28






Үйге тапсырма. 16-жаттығу. Кестені тиісті сөздермен толықтырып жазады.










Соңы
(5 мин)

Бекіту
«Венн диаграммасына» у дыбысының қандай жағдайда дауысты, дауыссыз болатынын, ортақ белгілерін жазып толтырады.

Сабақтан алған білімдерін қолдана отырып толтырады.

Бірін-бірі бағалайды.

Венн диаграм- масы

Рефлексия
Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы жасалады. Өзінің қай баспалдақта тұрғанын анықтайды.

Оқушылар өздерінің қай баспалдақта тұрғанын анықтайды.

Өзін-өзі бағалайды.

Жетістік баспалдағы



5-сабақ



Бөлім:

Өзім туралы

Педагогтің аты- жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы

Оқу бағдарла- масына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.3.1 мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;
2.4.1.2 у, и, й әріптерінің емлесін сақтап жазу

Сабақтың мақсаты

Оқыған мәтін мазмұнын анықтауға арналған жетелеуші сұрақтар құрастырады және жауап береді. Диалогке қатысады. У дыбысының дауысты немесе дауыссыз болып келуін анықтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
(5 мин)

Психологиялық жағымды ахуал орнату. (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Сергіту жаттығуы әрі ынтымақтастық қарым-қатынас ретінде дайындық жасалады.

Оқушылар қимыл-қозғалыс жасай отырып, өздерінің көңіл күйлерін көтереді.







Ортасы
(35 мин)

17-жаттығу. Оқушыларға оқулықта берілген мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу тапсырылады. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақтар қояды және жауап береді.
«Жағымды, жағымсыз, даулы» стратегиясы топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады.
Оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын (идеяларын) айтады.
У дыбысы бар сөздерді тапқызып, дауысты, дауыссыз екені анықтатылып, дәлелдер келтіріледі.

Мәтінді түсініп оқиды. Сұрақтар қойып, жауап береді.
Өз ойларын ортаға салады. У дыбысының дауысты, дауыссыз екенін анықтайды, дәлелдейді.

Қолдау көрсету.

Мақтау, мадақтау.



Оқулық




Дескриптор:

  • мәтінді мәнерлеп, түсініп оқиды;

  • мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады;

  • сұрақтарға мәтіннің мазмұнына сүйене

отырып жауап береді;

Оқушылардың жұмысы дескриптор бойынша бағаланады.



1 балл


1 балл
1 балл

1 балл



Дескриптор




29



30






  • мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын (идеяларын) айтады;

  • мәтіннен у дыбысы бар сөздерді табады, дауысты немесе дауыссыз екенін дәлелдер келтіре отырып анықтайды.




3 балл
3 балл






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет