Сабақтың тақырыбы: Мереке құтты болсын! Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99730
түріСабақ
Байланысты:
ГМГ қмж 3 сынып Маркина З.Б.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: 8-бөлім. Демалыс мәдениеті. Мерекелер.

Күні: 05.05.2023ж

Педагогтің аты-жөні: Маркина З.Б.

Сынып: 3 «В»

Қатысқан оқушылар:13 Қатыспаған оқушылар:0

Сабақтың тақырыбы: Мереке құтты болсын!

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

3.4.2.1. Оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді
қолданып жазу;



Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар:оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын түсінеді;
Оқушылардың басым бөлігі:оқыған материал бойынша тірек сөздерді қолдана отырып, жазба жұмыстарын орындайды;
Кейбір оқушылар:тақырып бойынша өз ойларын еркін түрде білдіреді;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал орнату:
Сенімділік шеңбері.
«Мен саған сенемін»

Оқушыларды топқа бөлу.

Ашық микрофон” әдісі. Өткен тақырыптарды қайталау.




Сабақтың тақырыбын болжау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Барлық оқушылар шеңбер бойы тұрып бір-біріне сенімділік сөздерін айтады.
Мысалы: Мен саған сенемін! себебі сен ақылдысың.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Раушан.Қызғалдақ. Бәйшешек.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.


Оқушылар суреттер арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.

Қолпаштау









Сабақтың ортасы


1.Тыңда. Қайтала.
Сөздікпен таныстыру:
Жаңа сөздер:
құттықта – поздравляй
ашықхат - открытка
бір-бірімізге – друг-другу
денсаулық – здоровье
тіле - пожелай


2.Оқылым.
2-тапсырма. Мәтінді оқы.
Қазақстанда мереке көп. Біз мерекеде бір-
бірімізге сыйлық береміз. Ашықхат жазамыз. Жақсы тілек айтамыз. Мереке құтты болсын! – деп құттықтаймыз. Мерекелік дастарқан жасаймыз. Ет асамыз. Бауырсақ пісіреміз. Ең үлкен мереке – Наурыз. Наурызда наурызкөже пісіреді.
3. Жазылым.
«Раушан» тобы.
Берілген сөздерден сөйлемдер құрастырып жаз.


«Қызғалдақ» тобы.
Дұрыс нұсқасын таңдап жаз.
«Бәйшешек» тобы.
Ашықхат жасап, тірек сөздерді қолданып
құттықтау жаз.


Жазба жұмыстарын тексеру

Тыңдалым, айтылым.
Сөздерді оқиды, қайталайды, сөз тіркесін, сөйлемдер құрастырады. Мысалы: Әдемі ашықхат.
Оқылым.
Оқушылар мәтінді оқиды, түсінеді.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді




Сөздерден сөйлемдер құрастырып жазады.
1.Ашықхат, сыйлаймын, атама, мен.
2.Тілейміз, біз, денсаулық, бір-бірімізге.
3.Ұнайды, мерекесі, Наурыз, маған.
4.Бауырсақ, пісіреді, дәмді, анам.
Дұрыс нұсқасын таңдап жазады.
1.Қазақстанда ( мұражай, мереке) көп.
2.Біз (мектепте, бір-бірімізге) сыйлық береміз.
3. Мерекеге әдемі ( ашықхат, сөз ) жасаймыз.
4. Әжемізді мерекемен (көреміз, құттықтаймыз) .


Ашықхат жасап, тірек сөздерді қолданып, құттықтау жазады.
Тірек сөздер: құттықтау, Сізді, мерекемен, тілеу, денсаулық, құтты болсын!
Жазба жұмыстарын тексереді,
бір-бірін бағалайды.

Дескриптор:_-мәтінді_оқиды,_түсінеді;___Дескриптор'>Дескриптор:
-сөздерді тыңдайды, қайталайды,
-сөз тіркесін құрастырады;





Дескриптор:
-мәтінді оқиды,
түсінеді;


Дескриптор:
-сөздерден сөйлемдер құрастырып жазады;
-сөздердің орын тәртібін сақтайды;
-орфогра
фиялық нормаларды сақтайды;


Дескриптор:
-дұрыс нұсқасын таңдап жазады;
-орфографи
ялық нормаларды сақтайды;
Дескриптор:
-ашықхат жасайды;
-тірек сөздерді қолданып құттықтау жазады;
-орфография
лық нормалар мен с өздердің орын тәртібін сақтайды;



Слайд
Слайд
Оқулық 103-бет
Слайд





Слайд
Слайд




Сабақтың соңы



Үйге: Сөздерді жаттау, сөйлемдер жазып келу.







Кері байланыс
"Бағдаршам"




Қызыл түс – бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары түс – бүгінгі сабақты орташа түсіндім.
Жасыл түс – бүгінгі сабақты түсіндім.







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет