2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау;
2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату;
2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу;
2.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
Сабақтыңмақ-саты
Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды. Сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады. Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байла- нысты өзара сұхбаттасады. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байла- ныстырып көлбеу және таза жазады.
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыт
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы (5 мин)
Психологиялықжағымдыахуалорнату.
Балалар, бүгін бізге аппақ көгершін хат алып келіпті. Хаттың ішінде не жазылған деп ойлайсыңдар? Хатты кім жіберуі мүм- кін? Көгершін қандай құс?
Балалар, көгершін әкелген хатты ашып көрейік.
Мұғалім хатты оқып береді. Хатта балалар жаз мезгілінде қайда демалғанды қалайтын- дары жайлы сұрапты.
Армандарыңды жазуларың керек екен. Көгершін сендердің арман хаттарыңды алып, алысқа ұшады.
Кім қайда барып, не көргісі келеді? Арма- нымызды жазып көрейікші.
Барлық оқушыға аппақ парақтар таратылады.
Психологиялық ахуалға беріл- ген тапсырманы бірге орындай- ды.
Танысты- рылым
Ортасы (35 мин)
40-жаттығуды ауызша орындау. Суретпен жұмыс. Балалардың қайда саяхатқа бараты- нын болжау, талқылаулар жасау.
– Суреттегі жерлер қалай аталады? Оқжет- песті, Жұмбақтасты көргендерің бар ма?
Олар қайда орналасқан? Медеу мұзайдыны қай қалада орналасқан?
Суреттегі жерлердің қайсысы ұнайды? Қай- да саяхат жасар едің? Несімен ұнайды?
Дәптерменжұмыс 41-жаттығуды жазбаша орындау. Мәтінді қатесін түзете отырып, көшіріп жазу, сан есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау. Сызбамен сызып көрсету.
Оқушылардың назары суретке аударылып, балалардың қайда саяхатқа бармақшы болғаны болжатылады. Топта берілген тапсырма бойынша талқылауға қатысып, өз ойларымен сынып- та бөліседі.
42-жаттығу. Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу білігін бағалауға арналған тапсырма.
Түркістан қандай қала?
Түркістанда Ахмет Ясауидің кесенесі бар.
Тайқазанның салмағы қанша?
«Жолың болсын, жолаушы» әнін айту. Сергіту сәтіне осы әнді бірге айтып, билету- ге болады.
Мәтінді қатесін тауып, көшіріп жазады. Дара сан есімдерді табады. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтай- ды.
Оқулықта берілген диалог сұрақтары мен жауаптарын толықтыру негізінде бір-бірімен сұхбаттасуына басшылық жаса- лады. Тілдік нормаларды дұрыс қолдануына бағыт беріледі.