Сабақ жоспарлары



бет2/8
Дата07.01.2022
өлшемі129,04 Kb.
#18196
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ақпарат

А. Байтұрсынов ақындығының бір қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр. Ол орыс ақындарын беріле мол оқыған. Ауыл мұғалімі боп істеген жылдарынан бастап шәкірттеріне И. А. Крылов мысалдарын оқытқан. Орыс ақындары А. С. Пушкинді, М. Ю. Лермонтовты, С. М. Надсонды оқып, кейбір шығармаларын аударған. Ақыннан қалған мұраның ішінде А. С. Пушкиннің «Ат» деген өлеңі, «Данышпан Аликтің ажалы», «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш» ертегілері бар. 1901 жылдан бастап Крылов мысалдарын аударып, сол негізде өзі де мысалдар жаза бастайды. А. Байтұрсыновтың мысал жанрына ден қоюының үлкен мәні бар еді. Ондағы моральдық, адамгершілік тағылымын ол қазақ қоғамы үшін аса қажет үлгі деп түсінді. Адам бойында кездесетін намыссыздық, жігерсіздік, алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық, қулық пен зорлық сияқты келеңсіз мінездерді сынау, шенеуге келгенде, ақын мысал жанрын таңдады. Әр түрлі аңдардың аллегориялық бейнесін беріп, олардың арасындағы түрлі қарым-қатынас арқылы ғибратты тұжырымдар жасады.

Крылов мысалдарын аудару Ыбырай, Абай тәжірибесінен басталса, Ахмет өз кезіндегі зиялы ақын-жазушылар С. Көбеев, Б. Өтетілеуовтермен қатар жұмыс істеп, мысал, ертегілер аударып, әдеби қазынаны байытты. Бір мысалдың өзі әр қайсысының аудармасына ілікті. Оны бір ақын өлеңмен аударса, енді бірі қарасөзбен аударды. Бұл тәжірибе әдебиет тарихындағы нәзирагөйлік тәсілді байытты. Ұқсас өмір шындығын қамтып, ойға ой қосып отыратын үлгілер ұлттық әдебиеттегі мысал жанрының дамуына жол ашты. А. Байтұрсынов И.А. Крылов мысалдары сюжетін сақтағанмен, қазақ тұрмысын танытатын жаңа ойлар қосып молайтады. Мысалы, «Қасқыр мен тырна» түпнұсқада 19 жол болса, аудармада – 76 жол. «Өгіз бен бақа» түпнұсқада 17 жол болса, аудармада – 36 жол. Басқа мысалдар да осындай жолмен аударылған. Ұлттық сипат тек көлемінен ғана емес, кейіпкерлер атынан да аңғарылады. «Қасқыр мен мысық» мысалындағы Васька, Степан, Демьян, Трофим аттарын Ахмет Қоянкөз, Құрамыс, Көпберген бай, Қисықбас деп өзгертіп алады.



Бұл тәжірибе А. Байтұрсыновтың аудармашы ғана емес, ұлттық әдебиеттегі мысал жанрын дамытушы болғанын дәлелдейді. Ахмет мысалдарының бір тобы адам бойындағы алауыздық, мақтаншақтық, қайырымсыздық, тәкаппарлық, күншілдік, зорлық, топастық, надандық, қулық, күндестік, үлкенді сыйламау, тойымсыздық, достықты қадірлемеу, жалақорлық, қанағатсыздық сияқты келеңсіз мінездерді мінеуге құрылады. Кейбір мысалдарда тұтас халықтық әлеуметтік мәні бар тақырыптар (отаршылдық, әкімшілдік, зорлық пен зомбылыққа қарсы халық санасына қозғау салатын, қайрат пен жігерге, намысқа шақыратын) қозғалады. Бұған «Қасқыр мен тырна», «Ала қойлар», «Қасқыр мен қозы», «Аңдарға келген індет», т.б. жатады.

Атап айтқанда, А. Байтұрсынұлы мысалдарында халықаралық сюжеттік жүйенің мазмұны қазақ өміріне бейімделгенін, сол кездегі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік сұранысына қажетті ойлармен толықтырылып тұр. Крыловтың шығармаларында он тармақтан тұратын «Шымшық пен көгершін» атты мысалды А. Байтұрсынұлы отыз екі жолға дейін ұлғайтып, мүлдем басқа туынды деңгейіне көтереді. Ақын өз жанынан қосқан ойлары арқылы бұл мысалды қазақтың төлтума рухани мұрасына айналдырды.

Мұндай ерекшелік «Өзен мен қара су» мысалына да тән:



Меңзеймін қара суды, қазақ, саған, Талпынбай талап ойлап, қарап жатқан. Барады қатар жұрттың бәрі озып, Ілгері жылжымайсың жалғыз аттам.

Оянып, жан-жағыңа сал көзіңді,



Түбіңе жетпей қалмас қамсыз жатқан. Өткізіп уақытты өкінерсің,

Пәледен, басқа келмей, деймін сақтан. Қазағым, сал құлағың нақылыма, Түсініп айтқан достық ақылыма.

Сөз емес еріккенде ермек еткен, Айтамын жаным ашып жақыныма. Қозғалмай бұл күйіңмен жата берсең, Боларсың қара судай ақырында /1. 94/.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары мен жақсы-жайсаңдарының ел қамы үшін белсенді саяси әрекетке баруына түрткі жасау мақсатын А. Байтұрсынұлы «Малшы мен Маса» мысалында былайша нақтылай түседі:

Мысалы, қазақ – малшы ұйықтап жатқан, Жыланды пәле делік аңдып баққан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет