Жұппен немесе жеке жұмыс істеу барысында
бет 3/3 Дата 23.03.2023 өлшемі 27,58 Kb. #75752 түрі Сабақ
Байланысты:
Сабақ жоспарлауға арналған ұсыныстар Жұппен немесе жеке жұмыс істеу барысында:
сыныптағы оқушыларға өзара байланысты (ұқсас) тапсырма , жаттығу немесе проблемалық сұрақтарды беріңіз;
сауал қою үшін немесе қолдау көрсету үшін белгілі бір оқушыны таңдаңыз;
оқушылардың арасындағы əріптестікті жəне жүргізген талқылауларын ынталандырып отырыңыз.
Бүкіл сыныппен талқылау (сабақтың соңында):
Сабақты ң бұл бөлігінде:
оқу мақсатымен байланыс орнатыңыз ;
оқушылардан өзінің орындаған тапсырмасын, шығарған есебін түсіндіруді, кейде көрсетуді сұраңыз: олардың жұмысын өз қателіктерін түсініп, оларды түзететіндей етіп бағалаңыз;
оқушыларға өздерінің жеке мақсаттары туралы естеріне салып отырыңыз жəне жеткен жетістіктерін , табыстарын атап айтып отырыңыз;
оқушылардың сабақта қолданатын есептеудің түрлі əдіс-тəсілдерінің тиімділігін талқылаңыз;
оқушыларға сабақта келтірілген мысалдардан ортақ қорытынды шығаруға көмектесіңіз ;
зерделенген материалға қорытынды жасаңыз жəне ненің маңызды болғандығын жəне нені есте сақтау қажеттігі жөнінде ойланыңыз;
егер бұл сабақ бөлімді аяқтауға арналған сабақ болатын болса, онда алдыңғы білімге назар аударып , үдерістің дамуын қарастырыңыз;
меңгерілген дағдылар мен идеялардың көмегімен шешімі табылмай жүрген проблемаларды талқылаңыз;
өзге жұмыспен байланыстырыңыз жəне ары қарай орындалатын шараларды талқылаңыз.
Бүкіл сыныппен талқылау барысында:
неге қол жеткізгіңіз келетінін нақты белгілеңіз ;
сабақтың негізгі бөлімі жоспарланған уақыттан ауытқымауын қадағалаңыз;
оқушылардың өз жұмысын қалай ұсынатынын, көрсететінін мұқият жоспарлаңыз , сондай-ақ оған кететін уақытты да алдын ала жоспарлап қойыңыз;
оқушылар материалды түсінгендігіне көз жеткізу үшін қоятын сұрақтарыңызды алдын ала дайындап алыңыз;
сабақты аяқтаңыз жəне жетістіктерін бағалаңыз.
Сіз төмендегілерді орындай аласыз:
оқытатын ресурстар туралы ойланыңыз, материалды қалай көрнекілеуге болады?
сабақ басталмай тұрып, қажетті материалды жинастырып , оны пайдалануға дайындап қойыңыз;
барлық материал жеткілікті мөлшерде болсын;
сіздің көрсеткен материал оқушылардың оқуына көмектесіп , оны тереңдетуге ықпал етуін ойлаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: