оқушылардың сіз оқытқандардың ішінен нені үйренгенін бағалай аласыз.
Негізгі жаттығуды орындау барысында Сіз:
сыныптағы оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын (олардың нені меңгеретінін, неге үйренетінін) нақты əрі анық түсіндіріңіз;
алдыңғы сабақпен немесе басқа сабақтармен пəнаралық байланыс жасаңыз;
оқушыларға не істеу керектігі жəне оған қанша уақыт кететінін, жалпы пікірталасқа дайын болу үшін не қажет екенін жəне оны қалай ұсыну керектігі туралы айтып отырыңыз;
қолданатын ресурстарды барлық оқушылардың көріп отырғанына көз жеткізіп барып, көрсетіңіз жəне түсіндіріңіз;
алдын ала жоспарланған сұрақтардың көмегімен оқушыларды белсенді түрде сабаққа ынталандырыңыз;
ерекше көмекті қажет ететін оқушылардың ресурстармен қамтамасыз етілгендігіне немесе сыныптасының (мұғалімнің) көмегін алатындығына көз жеткізіңіз;
оқыту тəсілдерінің бірі ретінде оқушылардың қателерін тауып, дұрыс түсінбеген жерлерін анықтап түзетіңіз жəне түсіндіріңіз;
жаңа сөздерге, ұғымдарға, түсініктерге немесе терминдерге назар аударып, олардың мəн-мағынасын түсіндіріңіз жəне оларды оқушылар өздерінің жұмысында пайдаланатындығына көз жеткізіңіз;
оқушыларға есеп шығаруда өздерінің қолданған əдісін бүкіл сыныпқа айтып беруді сұраңыз.
Топтық жұмыс ұйымдастыру барысында:
өзіңіз басқара алатын топ құрамын құрыңыз;
топқа тапсырманы қалай түсіндіретініңізді жəне ұжымдық жұмыстың немен аяқталатынын алдын ала шешіп алыңыз;
оқушылар жеке жұмыс істей отырып, өздігінен ресурстарды тауып, жетістікке жете алатындығына көз жеткізіңіз жəне оқушылардың жұмысына кедергі жасаудан аулақ болыңыз.