Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.
Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.
Оқу тапсырмасы: Өлеңді қара сөзбен мазмұндау.
Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.
ҚБ қойылады.
Тексерілді: Н.Набиев Қысқа мерзімді жоспар Әдебиеттік оқу 6-сабақ
3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу;
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:шығарманы дауыстап түсініп оқиды, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап бере алады.
Көптеген оқушылар: шығармадағы көркем ойды жалғастыра алады.
Кейбір оқушылар: берілген тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айта алады.
Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне деген сенімділік қалыптастыру мақсатында «Ізгі тілек» әдісі қолданылады.
«Санау» әдісімен оқушыларды топқа бөледі.
Өткен тақырыпқа шолу: - Өлеңді қара сөзбен мазмұндату.
-Өткен тақырыпқа қатысты бір-біріңе сұрақтар қойыңдар, жауап беріңдер.
Оқу материалын жариялау «Жұмбақ», «Сұрақ-жауап» әдісімен өтеді: -Жұмбақ шешіп көріңдер.
Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта, Сөйлейді шежіредей адам соқса. Тағы бір мінезі бар таңғажайып, Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта. (домбыра)
-Домбыра туралы не білесіңдер?
-Не үшін қажет?
- Сабақтар арасындағы үзіліске шығатын кезді қалай білеміз?
-Иә, бұрын қоңырау соғылатын, қазір күй ойнататын болды.
-Қандай күйлердің атын білесіңдер?
- Күй жайлы не айта аласыңдар? Білетін мақал-мәтелдерің болса айтыңдар.
-Олай болса, бүгінгі сабақта «Күй құдыреті» тақырыбындағы мәтінді оқып танысатын боламыз.
Шеңберде оң жағындағы балаға тілек айтады.
Топқа бірігеді.
Әңгімені мазмұндайды
Сұрақтарға жауап береді.
Мақал-мәтелдер айтады, мағынасын түсіндіреді.
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
15 мин
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.
А) Мәтінмен жұмыс. «Күй құдыреті» мәтінін түсініп тізбектей дауыстап оқыңдар.
Ә) Сөздік жұмысы:
Қыпшақ – рудың аты. Құдiретi – күшi, қасиет Б) Суретпен жұмыс:
-Суретке зер сал. Күйші қандай күй тартып отыр деп ойлайсың? Неліктен?
В) Сұрақ-жауап:
- Фараби тартқан күйдің құдіреті неде деп ойлайсың? Мәтінге сүйеніп, жауап бер.
-Әмірші Фарабиді неге іздеді деп ойлайсың? Болжа.
-Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін бір-біріңе сұрақтар қойып, жауап беріңдер.
Кейбір оқушылар: кейіпкер жайлы
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға: -Өз отбасыңда немесе туыстарың орындаған күйді тыңдағандағы сезімді есіңе түсіріп әңгімеле.
Сергіту сәтінде қазақ күйіне билейді.
(Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
А) «Кім жылдам?» ойыны. Суреттегі домбыраның әрбір дыбысынан басталатын өнерге қатысты сөздерді тап. .
Ә) Сұрақ-жауап:
-Қандай күй тыңдағанды ұнатасың?
-Қазіргі өнер сахнасындағы күйшілерді білесің бе?
Дескриптор: - Мәтінді тізбектей дауыстап оқиды-1балл.
- Сөздікті жазып, жаттап алады-1балл.
-Суретті сипаттайды-1балл.
- Фараби тартқан күйдің құдіретін әңгімелейді-1балл.
- Әміршінің Фарабиді іздеу себебін болжайды-1балл.
- Мәтін мазмұны жайлы бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді-1балл.
Дескриптор: - Домбыраның әрбір дыбысынан басталатын өнерге қатысты сөздерді табады-2балл.
-Ұнататын күйлерін атайды -1балл.
-Күйшілерді атайды-1балл.
Оқулық
Кері байланыс
5 мин
Кері байланысты «Менің күнделігім» әдісіарқылы береді.
Оқу тапсырмасы:Мәтінді мазмұндау, бір күйдің шығу тарихын зерттеу.