Сабақ k Бөлім: Өнер Мұғалімнің аты-жөні



бет2/3
Дата23.01.2023
өлшемі125,58 Kb.
#62453
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
3кл әдебиет18апта (1)

Тексерілді: Н.Набиев
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 5-сабақ

Бөлім:

Өнер

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Асыл сөз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: өлең,әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізе алады.
Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қояды және жауап береді.
Кейбір оқушылар: ата-әже, әке-шешесінің айтатын ақылын есіне түсіріп әңгімелейді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу:
- Әнет бабаның өсиетін Қазыбек бидің талдауын жатқа айту.
Оқу материалын жариялау «Керме жіп» әдісі арқылы жүреді:
-Керме жіпте жасырын тұрған тақырыпты шығару үшін нақыл сөздер айтуларың қажет. Неше парақша тұрса, сонша нақыл сөз айтуларың қажет.
-Қане қандай нақыл сөздер білесіңдер?
-Керме жіпте қандай сөз шықты?
-Олай болса, бүгінгі сабақта «Асыл сөз» тақырыбындағы шығармаларды оқитын боламыз.

Жаттығу жасайды.

Тапсырманы орындайды.


Нақылсөздер айтады.


Тақырыпты ашады.

«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!



Керме жіп, қысқыштар, А,с,ы,л, с,ө,з

Жаңа білім
15 мин

2 мин



Бекіту
15 мин



(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.
А)Мәтінмен жұмыс. «Асыл сөз» мәтінін, өлеңді түсініп тізбектей дауыстап оқыңдар.
Ә) Сұрақ-жауап:
-Мәтінді пайдаланып, түсіндіріп көр.
Су анасы – бұлақ,
Сөз анасы – құлақ,
Жол анасы – тұяқ.
-Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін бір-біріңе сұрақтар қойып, жауап беріңдер.
Кейбір оқушылар: кейіпкер жайлы
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Өз ата-әжең, әке-шешең қандай ақыл айтатынын есіңе түсіріп әңгімеле.


Сергіту сәтінде қазақ күйіне билейді.


(Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
А) Семантикалық картаны толтыр.

Ә) Атаның ақылын тыңдап, оны сен қалай орындайсың?
Өлең сөзімен жауап бер.
Мысалы, кішіпейіл бол – Өзімді мен өзгеден
Санамаймын жоғары.
Б) Көркем ойға сәйкес келетін өлеңді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойыңдар. Атауды нақыл сөз түрінде ұсыныңдар.

- Мәтінді оқиды.
- Сұрақ қойып, жауап береді.

Билеп сергиді.


-Тапсырманы талқылап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:
- Мәтінді тізбектей дауыстап оқиды-1балл.
- Мәтінді пайдаланып мақалды түсіндіреді-2балл.
- Мәтін мазмұны жайлы бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді-2балл.


Дескриптор:
- Атаның ақылын тыңдап, оны өзі қалай орындайтынын әңгімелейді-2балл.
-Көркем ойға сәйкес келетін өлеңді бөліктерге бөліп, әр бөлікке нақыл сөз түрінде ат қояды-3балл.

Оқулық



Кері байланыс
5 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет