Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 5 оқу аптасынан және сынақ аптасынан тұрады. Аптасына кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат саны бір байланыс сағатынан (дәріс,практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан


Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі



бет33/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#11586
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   90
Байланысты:
Балалар адебиет жана.новый.doc1

3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі





Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Практикалық сабақ тақырыбына байланысты

4 апта

8 апта


11 апта

15 апта


2 (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама

2

СӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 15 тапсырма)



Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Практикалық сабақ тақырыбына байланысты

СӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде

2


Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

3

Емтихан

Білімді кешенді тексеру










Тест


4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.



Әдебиет атауы




Барлығы

Ескерту

Кітапханада

Кафедрада



Студенттердің

қамтылу пайызы (%)



Электронды түрі

1

2

3

4

5

6

7



Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.




-

25%

5






Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.




-

25%

5






«Ақ сандық, көк сандық». 1988ж.

10

-

50%

-






Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.

4

-

20%

-






Қазақ газет-журналдары (2000-2007жж. аралығындағы нөмірлер)

20

-

100%

-






М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. 1974ж.

4

-

20%

-






Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991

4

-

20%

-




  1. -

Бесік жыры-өлеңдер жинағы. А.Асылбеков. 1989ж.

3

-

15%

-






Тілашар. 1989ж.

3

-

15%

+






Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. – А., 1974.

2

-

10%

+





5. Пән бойынша дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі)

1-апта

1-дәріс

Дәріс тақырыбы: Балалар әдебиеті пәні туралы.

Қарастырылатын сұрақтар: 1. Балалар әдебиеті туралы түсінік.

2. Балалар әдебиеті жөніндегі ұлы адамдардың ой-пікірлері.

3. Балалар әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері .

Дәрістің мақсаты: Балалар әдебиеті пәні туралы құнды ақпарат беру, студенттерге аталған пән жөнінде айтқан ұлы адамдардың пікірлерін ұғындыру.

Дәріс мазмұны: Қай заманда болсын әр халық өзінің ұрпағын жан-жақты жетілген, адамгершілік жағынан жағымды мінез, өнегелері қалыптасқан, еңбекшіл, үлкенді құрметтейтін азамат болып өссін деп армандаған. Бұл мәселені жүзеге асыруда халықтың ғасырлар бойы бай қазынасы мен аңыздары, мақал-мәтелдері мен жұмбақтары ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы болды.

Бізге дейінгі ата тегімізден сыр шертетін Орхон жазулары сол кездің өзінде (Ү-ҮІІІ ғ.) тәрбиенің қоғамдық рөл атқарғанын танытумен қатар, жоғарыда айтылған пікірлеріміздің растығын дәлелдейді.

Осы іспеттес, құлпы тастардағы өнегелі сөздер жас ұрпақты елін, халқын сүюге, бірлікке шақыру, үлкенді сыйлау, т.б. өсиеттері әлі күнге дейін тәлім-тәрбиелік мәнін жойған жоқ.

Ғұлама философ Әл-Фараби «Философиялық трактаттар» атты шығармасында адамзатты бақытқа, ізгілікке, шаттыққа жету жолындағы ең негізгі нәрсе деп, отбасы мен тәрбиені атаған. Бұған дәлел адамның өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы. Егер бұл шарт орындалмаса, адам өмірге бейімсіз болады, ешнәрсені үйрене алмайды деп қорытынды жасайды.

Қазақ халқында келешек жас ұрпақты тәрбиелеу, өмірге дайындау, сол халықтың арман-мүддесінен, тәрбие дәстүрімен байланысты туып, өсіп-өркендеп, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған. Демек, бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.

Балалар әдебиеті – Отандық әдебиеттің өскелең бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. Қазіргі таңда балалар әдебиеті тәлім-тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды. Балалар әдебиеті – балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіреді. Көркем сөз өрнегін бала құлағына құйылып, көкірегіне сәуле түсіреді, сөйтіп халық қазынасының әуендік үнінен нәр алады. Көркем әдебиет арқылы кішіге қамқорлық, үлкенге көмек. Еңбекті құрметтеу, достық пен инабаттылық, адамгершілік үлгі өнеге, өмірмен танысады. Жоғары оқу орындарында балалар әдебиеті деген курс оқытылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет