Ойын. «Әріп таңдау» Ойынның мақсаты: балалардың көңіл-күйлерін көтеру және тез ойлай алуға, ұтымдылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Ойнаушылар дөңгелене отырады. Әр топ өздеріне бір әріпті А,Б,Г,Д,Е,Ж,П,О,Қ,Л,М,Н,Р,С,Т, немесе тағы басқа әріптерді таңдап алады.
Оқушылардан қандай әріптерді алғанын сұрап ойынды жүргізеді. Оқушыларға сұрақтар қойылады сол сұрақтарға жауап береді. Мысалы: «А» әрібін алса сол сұрақтарға тек «А» әрпінен басталатын сөздермен жауап береді. Егер ойыншы берілген сұрақтарға жауап бере алмаған, кідіріп қалған жағдайда, ойыншы ортаға шығып, көпшіліктің ұйғаруымен өнерін көрсетеді.
Сұрақтар: 1. Салауатты өмір салтын ұстану үшін қандай тағамдар пайдалы?
2. Сен анаңды қалай жақсы көресің?
3. Мектепте ақылына көркі сай оқушы кім?
4. Болашақта қандай мамандық иесі боласыңдар?
5. Денің сау болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
6. Адамның бойынан табылатын жаман қасиеттер?
7. Мектепте қандай мұғалімді үлгі тұтасың?
8. Спорттың қандай түрін ұнатасың?
9. Адамды сұлу ететін не нәрсе?
10. Қандай әншінің әні ұнайды?
11. Адам ағзасына тигізетін зиянды заттар?
12. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын ата?
13. Дүниежүзіндегі әсем қалаларды ата?
14. Егер сен Президент болсаң не істер едің?
15. Қазақстанның болашақ азаматтары мен азаматшалары қандай болуы керек?
Қорытынды: Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.
“ Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның
Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал! Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!
Жүректен-жүрекке:
Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілектерін айтып рахметін айтады