Сабақ кестесі Оқушылар тізімі Сынып белсенділері Пән бойынша мұғалім тізімі



бет8/10
Дата24.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#86087
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ПРАКТИКА ДОКУМЕНТ 2

5. Сабақтардың «шулық ластануы» . Сабақта жалпы шулық ластануы төмен.
6. Үзіліс кезіндегі тәртіп. Үзіліс кезіндегі тәртіпті кезекші мұғалімдер қадағалайды. Оқушылардың жүріс-тұрысын қадағалап, тәртіпке шақырады және қоңырау соғылғаннан кейінгі оқушылардың тездетіп сыныптарына кірулеріне жауап береді.
7.Мектептің көгалдандырылуы, тірі бұрыш, мектеп учаскісі. Мектепте демалыс аймағы қарастырылған. Қыста желден сақтайтын, жазда көлеңкелейтін бұтақты ағаштар егілген. Балалардың демалуына қажетті орындықтар қойылған. Мектеп ішінде тірі бұрыш аймағында үлкен ірі бөлме өсімдіктері өсірілген.
8. Мектептегі психологиялық климат. Мектептегі психологиялық жағынан қарасақ, оқушыларға сабақ жағынан қатаң талап қойылады. Бірақ қысым көрсетілмейді. Оқушылар тәртіпке бейімделген. Мысалы, әр сыныптың өзіне тиісті кабинеті бар, басқа кабинет оқушылары рұқсатсыз келесі кабинетке кірмейді. Психологиялық кенес керек оқушыларға психолог кабинеті бар.
9. Психологиялық қызмет, психологиялық кабинет және оның жұмысының нәтижелілігі. Психолог жоспарға сай сынып оқушыларына сауалнама жүргізіп, оқушыларға сырттай бақылау жүргізеді. Жұмысы өте нәтижелі.

Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің филология факультеті «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4 курс студенті Сейтбек Дананың мектеп гигиенасы бойынша


Есебі
Мен, Сейтбек Дана Сейтбекқызы, «Ағылшын тілі» пәні мұғалімдігі бойынша мемлекеттік педагогикалық сараманнан 23.01.2023-06.05.2023 жж аралығында, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылындағы Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінде өттім. Сараманның алғашқы күні мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары сынып бөліп беріп, маған 10 «Б» сыныбы бекітілген болатын. Сыныпта барлығы 24 оқушы, оның 10-ы ұлдар, 14-і қыздар. Мектеп екі ауысымдық жүйеде оқиды. Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында 10 «Б» сыныбына «Тәні саудың жаны сау» атты тәрбие сағатын өткіздім. Тәрбие сағатында оқушыларға жеке бас гигиенасының, зиянды заттармен күресудің, олардың адам денсаулығына қарсы әсері жайлы айтылып, көптеген мағұлматтар берілді. Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысып, тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Мемлекеттік сараман кезінде сынып жетекші, мектеп дәрігері және мектеп мейірбикесімен жұмыс атқардым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет