Өткізген: Ағылшын пәні бойынша машықкер Сейтбек Д.С 10 «Б» сыныбы
Орал 2023
ЕЛШІБЕК БАТЫР АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПАСПОРТЫ
МЕКТЕПТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
1.Мектептің орналасу жағдайы: Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылы, Р.Ханали, 10-үй. Мектеп алдында көлік жол қозғалысы жоқ, сондықтан оқушылардың мектепке келер жолы қауіпсіз.
2.Мектеп ғимыратының сипаттамасы. Мектеп ғимараты 1969 жылы тұрғызылған. Мектеп бірнеше рет күрделі жөндеуден өткен. Соңғы жөндеу жұмысы 2021 жылы болған. Мектеп құрылыс материалы сапалы. Жарық беруі, орталықтандырылған жылу жүйесі жақсы орнатылған. Түрлі коммуникациялық жағдайлармен қамтылған. Жұмыс телефондары, электронды ақпарат алмасу жүйесі және интернет ( Wi-Fi ) 100% қосылған. Физика, химия, биология кабинеттерінің соңғы жағында бөлек арнайы лабораториялық кабинет бар. Шағын, әрі жұмыс жасауға ыңғайлы етіліп ұйымдастырылған. Дене шынықтыру залы - 1. Спорт залы өте кең. Көп жағдай жасалған. Жүгіру, валейбол, баскетбол, футбол ойнауға мүмкіндік өте зор. Мектепте лицензияланған медициналық кабинет жұмыс жасайды. Мектеп пен оның ауласы екпе ағаштармен қоршалған. Мектептің ішкі қабырғалары ашық ақ түсті бояумен сырланған. Негізінен мектеп гигиенасының талабына сай.
3.Оқушылардың жоспарланған және жалпы қалыптасқан контингенті: Мектеп екі ауысымда жұмыс жасайды. 1-11 сынып оқушыларына тольқ күн тәртібінде барлық жағдай қарастырылған. Мектеп - денсаулық жағдайларына орай, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес кеңейтілген білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
4. Кабинеттердің сипаттамасы: Оқушылардың денсаулығын сақтау үшін және қажетті еңбек жағдайларын туғызу үшін сынып бөлмесінің маңызы зор. Тақтамен мұғалім үстелінің ара қатынасы талапқа сай 2 м қашықтықта орналасқан. Бөлменің биіктігі 3,5 м. Балалардың денсаулығына қажетті ауа мөлшері жеткілікті.