Сынып жетекшісі:____________Буралхиева Г.Ж
Мінездеме беруші машықкер:____________Сейтбек Д.С
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің филология факультетінің ИЯ-47 топ студенті Сейтбек Дананың Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейдің 10 «б» сынып оқушысы Анарбай Нұрайға
Мінездеме
Мен 23.01.2023-06.05.2023ж уақыт аралығында, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылындағы Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінде сараманнан өту барысында 10 «б» сыныбына сабақ бердім. Жеке оқушыны талдау ретінде нысаныма Анарбай Нұрайды алдым. Нұрайдың сабақ үлгерімі өте жақсы. Әрі сыныптың топ басшысы. Қызыға оқитын пәндері: Биология, химия , ағылшын. Сабақтан бос уақытында математика үйірмесіне қатысады. Нұрайдың мінезі ашық, жайдарлы, көпшіл, сыныптастарының арасында сыйлы. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола біледі. Мектеп шараларына белсене қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды тез шеше біліп, қолдау көрсетуге дайын тұрады. Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Нұрай мектептегі шараларда өз өнерімен жоғары нәтижелерге жетіп жүр. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі. Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Жеке тұлғалық көзқарасы қалыптасқан. Өз ойын, пікірін ашық жеткізеді. Алдына мақсат қойып, оған жету үшін күресе біледі. Нұрайдың осы қалпынан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыратынына сенемін.
Сынып жетекшісі:____________Буралхиева Г.Ж
Машықкер:____________Сейтбек Д.С
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылының Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінде мемлекеттік сараманнан өткен машықкер Сейтбек Дана Сейтбекқызына 10«б» сынып жетекшісі Буралхиева Гульмира Жолтайқызынан
Мінездеме
Сейтбек Дана Сейтбекқызы 23.01.2023-06.05.2023 жыл аралығында Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінде 10«б» сыныбына жетекшілікпен қатар ағылшыннан пән мұғалімі ретінде тәжірибеден өтті. Дана педогогикалық практикаға үлкен жауапкершілікпен қарады. Бірінші күннен бастап –ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Дана тәжірибе барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Өзінің Университет қабырғасында алған теориялық білімдерін практика жүзінде шындай білді. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, оқушылармен тез тіл табыса алды. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Сабақтарында ойындар, сергіту жаттығулары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Әрбір сабағы жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды. Келешекте Дананың өз жұмысын жақсы атқаратын жақсы маман боларына сенемін! Қорытынды бағасы: 5 (өте жақсы)
Достарыңызбен бөлісу: |