Сабақ кестесін жасаңыз



бет3/21
Дата12.02.2023
өлшемі0,87 Mb.
#67222
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
КЯЛ, ФИЗИОЛОГИЯ СЕССИя❗❗❗

Төстікке үнемі қысымның көп түсуі балалар мен жасөспірімдердің көкірек қуысының пішіні «воронка тәрізді» өзгеруіне әкеледі. Бұл өзгеріске ұшыраудың нақтылы себептерін атаңыз.

Тірек-қимыл жүйесінің маңызы.
Барлық тірі организмдерге тән қасиет – қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс организмнің өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы маңызы аса зор. Қаңқа мен бұлшық ет тірек-қимыл жүйесін құрады.
Адамның тірек-қимыл жүйесінің бөлімдері:
 Енжар қозғалыс аппараты сүйекті жүйе (скелет)
• Тұлға қаңқасы (төс және омыртқа);
• Бас қаңқасы (бассүйек);
• Аяқ-қол сүйектері;
 Белсенді қозғалыс аппараты-қаңқа бұлшықеттер жүйесі.
Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар: мектеп құрал-жабдықтары педагогикалық, өндірістік және техникалық талаптарға сәйкес келуі керек. Негізгі талап құрал-жабдықтар балалармен жасөспірімдер ағзасының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі, сонымен бірге балалардың жарақаттануын болдырмау үшін құрал-жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың да маңызы зор (жиһаздардың үшкір және өткір бұрыштарының қырларының болмауы, олардың қауіпсіз бояумен, лакпен боялуы және т.б).
Төстікке үнемі қысымның көп түсуі балалар мен жасөспірімдердің көкірек қуысының пішіні «воронка тәрізді» өзгеруіне әкеледі. Бұл өзгеріске ұшыраудың нақтылы себептерін атаңыз.
Воронка тәрізді деформация шеміршек пен дәнекер тіндерінің қалыпты құрылымының генетикалық негізделген өзгеруіне байланысты болады.
Воронка тәрізді деформациямен ауыратын балаларда көптеген даму ақаулары байқалады, ал отбасылық анамнезінде жақын туыстарының ұқсас патология жағдайлары анықталады.

  1. Есепті шығару:

Бөлменің ауданы 50 м2, шамдардың саны-6, бір люминесценттік шамның қуаты-40 Вт болса, жарық қуатының мөлшерін есептеңіз.
• Жарықтандыру– қоршаған ортаны көзбен көруді қамтамасыз ету үшін күн және жасанды жарық көздерінен жарық энергиясын қолдану. Жарықтандырудың екі түрі: табиғи және жасанды жарықтандыру. Табиғи жарықтандыру болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда жасанды жарықтандыру қолданылады.
• Гигиеналық талаптар.
Табиғи жарық терезелердің және олардың әйнектерінің көлеміне байланысты. Неғұрлым олардың ауданы үлкен, көлемі көп болса соғұрлым жарық сәулелері мол өтіп, бөлме жарық болады. Бірақ терезелердің тым үлкен болуы бөлмені не тым суытып, не тым ысытып жіберуі мүмкін. Сондықтан жарық коэффициенті терезінің әйнектелген беттерінің еденнің ауданына қатынасы 1:4-1:5 болса, ауылдық жерлерде 1:6 болуы керек. Ауылдық жерлерде бұның азырақ болуы мектептердің жанында күн сәулесін ұстап қалатын биік үйлер болмайды.
Терезе әйнектері таза болуы керек. Күннің сәулесі мол түсу үшін терезелер оңтүстікке және оңтүстік батысқа қарай орнатылғаны жөн.Мектеп үйінің жарық болуы сондай-ақ жиһаздардың, қабырғаларының, тіпті көршілес орналасқан үйлердің бояуының түсінеде байланысты. Олар ашық түсті бояулармен, соңғы кезде класс тақтасын қоңыр кейде жасыл түске бояйды. Кейбір оқымыстылардың айтуы бойынша көмірмен жазуға болатын ақ түсті тақталар қолдану дұрыс деп есептелінеді.
• Жарық, жарық қуаты, формула.
Жарық қуатын анықтау
Барлық шамдардың қуатының (Вт) еденнің ауданына қатынасы. Бұл мына формуламен есептеледі:
ЖҚ = W* n
S
W – бір шамның қураты (Вт)
n – шам саны
S – еденнің ауданы (м2)
Жарық жақсы десек те, бөлмеге күн сәулесінің тікелей түсуі, немесе ол сәулелердің ұзақ уақыт түсіп тұруы балалардың жұмыс қабілетіне кері әсерін тигізеді.
• Есепті шығару.
бөлменің ауданы 50 м2, шамдардың саны-6, бір люминесценттік шамның қуаты-40 Вт болса, жарық қуатының мөлшері қандай ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет