Сабақ конспектілері Дәріс-1 Бастауыш сыныптарда көркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері



бет7/33
Дата18.03.2022
өлшемі71,73 Kb.
#28388
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
дәріс тезистері

Оқу бағдарламалары оқу жоспары негiзiнде құрастырылады. Оқу бағдарламасының құрамы:

- аталмыш пəн бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар бiлiмдерiне, бiлiктер мен дағдыларына қойылатын талаптарды, олардың бiлiмiн бағалау жолдарын, оқытудың түрлерi мен əдiстерi туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшелiктерi мен айырмашылықтарын анықтайтын түсiнiк хат;

- пəннiң мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;

- негiзгi дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тiзiмi;

- əр тақырыпқа қажеттi сағат мөлшерi;

- пəнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;

- əдiстемелiк оқу құралдары мен көрнекiлiктер тiзiмi;

- ұсынылған əдебиет.

Сонымен, оқу жоспарының негiзiнде əрбiр жеке пəндер бойынша бағдарлама құрылады. Ол түсiнiк хат, негiзгi бөлiм жəне əдiстемелiк аппаратынан тұрады. Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуiне байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасының тəуелсiздiгiне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. 1999 жылы қабылданған ''Бiлiм туралы'' заңға байланысты бiлiм беру саласын демократияландыру, гуманитарландыру, ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге сай бiлiм беру саласының құрылымына, мазмұнына, сипаты мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерiстер енгiзiлдi.

Бағдарлама жасауда кейбiр кемшiлiктердi атап өткен жөн болар:

- оқушылардың түсiнiгiне қиын оқу материалын енгiзу;

- курсаралық байланысты ұмыту;

Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу əдебиетi арқылы жетедi. Оқу əдебиетiне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кiтаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дəптерлерi жатады. Солардың iшiнде басты назар оқулыққа арналады. Жақсы оқулық оқушыны нəтижелi оқуға жетелейдi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет