Практикалық жұмыстар – сурет, жапсыру жұмыстарын салады, дизайнерлік тапсырмалар орындайды.
Дәріс - 3
Тақырыбы: Көркем еңбектің материалдық базасы
Мақсаты: Көркем еңбекті ің материалдық базасы туралы жалпы мәлімет беру
Жоспар:
1. Көркем еңбекті кабинетін жабдықтау.
2. Еңбек кабинетіне қойылатын педагогикалық талаптар.
3. Кабинетте болуға тиісті құрал-жабдықтар.
Көркем еңбекті сабғында оқушылар пәннің бағдарлама талаптарына сәйкес қатырма
қағаз, қағаз, мата, мата талшықтары және ағаш, сымтемір, ермексаз, сазбалшық сияқты т.б. әртүрлі табиғи материалдармен жұмыс атқарып үйренеді. Мұндай жұмыстады үйрену үшін күнделікті өмірде қолданылатын қарапайым қайшы, пышақ, ине құралдарынан басқа ағаш, сүргі, темір, ағаш кесетін аралар, сым, қаңылтырларды кесетін, қысатын қысқаштар, соғу құралы балға, егеу, бұрғылар, құрастыруда сқолданылатын гайка, бұрауыш құралдарын қолданады. Мұндай құралдармен жұмыс істеу жай сыныптарда өткізу мүмкін емес. Сондықтан бағдарлама талаптарына сәйкес бастауыш сыныптары үшін арнаулы жабдықталған арнайы еңбек кабинеті немесе бөлме бөлінуі тиіс. Арнаулы жабдықталған кабинеттерде өтілетін сабақ барлық уақытта сапалы және оқушыларүшін орныдайтын тапсырмалар түсінікті болады. Сонымен қатар бастауыш сыныптарға арналған кабинеттер жоғарғы сыныптың арнайы кабиенттері мен тығыз байланыста болуы крек.
Арнайы еңбек кабинеттеріне бағдарламаға сәйкес мынадай пеадгогикалық талаптар қойылады:
Еңбек кабинетінің көлемі, ауданы, бөлменің жарықтығы, гигеналық тазалық
жағдайы кәдімгі сынып бөлмелері сияқты педагогикалық талаптарға сай болуы тиіс.
Бұйымдар сақталатын шкафтар, сөрелер, құрал-саймандар, оқушылардың
жасаған бұйымдары сақталатын шкафтар, мұғалімнің жұмыс орны толығымен жабдықталуы керек.
Бөлме төбесінің, қабырғаларының еденінің түстерінің сәйкестігі сияқты бөлме
интерьері дизайн талаптарына сай болғаны дұрыс. Мұндай сынып бөлмелерінде ұйымдастырылатын сабақ мұғалім үшін де, оқушылар үшін де үлкен септігін тигізеді. Сондай-ақ құрал, саймандардың ұзақ уақыт сақталуы, оқушылардың жұмыстарының сапалы болып шығуы, оқушылардың шығармашылқ қабілетінің, қызығушылықтарының артып отыруына көптеген мүмкіндіктер туғызады. Мұндай кабинеттерде мұғалімдер үшін оқушылардың орындайтын жұмыстарын бақылауда, қауіпсіздік техникасының ережелерін дұрыс сақтауға жоғары мүмкіндіктері береді.
Достарыңызбен бөлісу: |