2. Оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Оқу жоспары:
- оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерiнiң мерзiмiн,
- оқытылуға тиiстi оқу пəндерiнiң тiзiмiн,
- əрбiр оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тəртiбiн жəне ретiн,
- əрбiр пəнге бүкiл оқу мерзiмiнде жəне апта сайын əр пəнге бөлiнетiн сағаттардың
мөлшерiн көрсететiн мемлекеттiк құжат.
Типтiк оқу жоспары оқу министрлiгiнде жасалынып барлық орта мектептерге ортақ болып бекiтiледi. Оқу жоспары мектептердiң түрлерiне орай да жасалынады. Шағын комплекттi, сегiз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзiнше құрылады. Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспарында жеке пəндер педагогикалық заңдылықтарға, бiрiздiлiк жəне жүйелiлiк принциптерiне, оқушылардың жас жəне таным ерекшелiктерiне, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай орналасады. Жеке пəндердiң белгiлi бiр реттiлiкпен оқу жоспарында берiлуi олардың өзара логикалық байланыстылығына тəуелдi. Оқу пəндерi мiндеттi жəне таңдаулы деп бөлiнедi.
Достарыңызбен бөлісу: |