Сабақ Лексикалық тақырып: Мемлекеттік тіл Грамматикалық тақырыбы : Латын әліпбиінің тарихи кезеңі Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауызекі сөйлеуге қалыптастыру. Жұмыс жоспары



бет33/35
Дата28.03.2023
өлшемі0,61 Mb.
#76821
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Латын жазуы китап

§94. p, h әріптеріне аяқталған шеттілдік сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, p, h ұяңданбайды: arhetıp - arhetıpi, stereotıp - stereotıpi, ketchýp – ketchýpy, sheıh - sheıhy, shtrıh - shtrıhy. Сондай-ақ h әрпіне аяқталған сөзге қосымшалар жуан жалғанады: seh – sehty, -qa, -tar, sheıh – sheıhty, -qa, -tar, shtrıh – shtrıhty, -qa, -tar.
§95. -рг, -кс, -лк, -кл әріп тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке жалғанады: ocherk (-tiń, -i, -ke, -ter), lúks (-tiń, -i, -ke, -ter), polk (-tiń, -i, -ke, -ter), sıkl (-diń, -i, -ge, -der), hırýrg (-tiń, -i, -ke, -ter), metalýrg (-tiń, -i, -ke, -ter).
§96. -кт, -ск, -нкт, -пт, -мп, -мб, -фт әріп тіркесіне бітетін сөздерге қосымша y, i дәнекері арқылы, ал -кт, -ск, -нкт сияқты құрамында к әрпі барларына тек жіңішке, басқаларына соңғы буын үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке жалғанады: faktige, faktisi; obektige, obektisi; dıskige, dıskisi; pýnktige, pýnktisі; akseptige, akseptisi; Olımpige, Olımpisi, rombyǵа, rombysy; shrıftige, shrıftisі.
§97. Сөз соңындағы -нг әріп тіркесі ń әрпімен жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес жалғанады: parkıń (-niń, -ge, -i, -der), boýlıń (-niń, -ge, -i, -der), brıfıń (-niń, -ge, -i, -der), reıtıń (-niń, -ge, -i, -der).
§98. Ағылшын тіліндегі түпнұсқасында w әрпімен басталатын кейбір сөздер ý әрпімен жазылады: ýаtsap, ýıkı, ýıkıpedıa, ýeb-saıt.
§99. -ог әріп тіркесімен аяқталатын сөздерге қосымшалар жуан жалғанады: pedagog-tar, pedagog-y, dıalog-tar, dıalog-y, еkolog-tar, еkolog-y.


28-сабақ
Ұлттық киімдер. Сөздердің тасымалдануы.


Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей;
сырткиімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем;
сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет